
«Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлытау облысының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара іс-қимылда бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;
өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру.
Басқарманың ведомстволары жоқ.
Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.