Еңбек жолын Қарағанды облысының экономика басқармасында бас маман болып бастаған.
2011 – 2013 жылдары Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас маманы.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау және Кәсіпкерлік басқармаларында басшылық қызметтер атқарған.
2022-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болды.
2024-2025 жылдары сол комитеттің төрағасы болып қызмет атқарды.
2025 жылдың 30 желтоқсанынан Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.