"Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1."Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Жезқазған қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3."Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.