GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
16 апреля 2026
Орынбай ауылында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Мұқанов Қанат Бейсенұлы ауыл тұрғындарымен кездесу

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ САУЛЫҒЫ– БАСТЫ НАЗАРДА

🔹Орынбай ауылында аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Мұқанов Қанат Бейсенұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кездесетін аурулардың алдын алу бағытында кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔹Кездесу барысында мал арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес ауру түрлері, олардың пайда болу себептері, таралу жолдары және алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, мал иелеріне ветеринариялық талаптарды сақтау, уақытылы екпе салдыру, малды күтіп-бағу ережелерін дұрыс орындау қажеттігі ерекше атап өтілді.

🔹Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала маманынан нақты жауаптар алды. Осындай түсіндірме жұмыстарының басты мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарларының саулығын сақтау, аурулардың алдын алу және халықтың ветеринариялық сауаттылығын арттыру болып табылады.

14 апреля 2026
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

◽️Орынбай ауылының әкімі Жүнісбеков Жұбаныш Бейбітұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. 

▫️Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзекті мәселелер және алдағы жоспарлар талқыланды. 

▫️Тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды.

01 апреля 2026
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
01 апреля 2026
Жаңаарқа ауданының прокуроры Мусабеков Бек Тастайбекұлы Орынбай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
01 апреля 2026
Сіздерді Орынбай ауылдық округінің әкімі Жүнісбеков Жұбаныш Бейбітұлының есептік кездесуіне шақырамыз.
24 июля 2024
"Таза Қазақстан" акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.

2024жылдың 24 шілде күні Орынбай ауылында "Таза Қазақстан" акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.

23 июля 2024
Бүгін ауыл әкімі Ж.Жунусбеков сала мамандарымен аппараттық жиын өткізді.

Бүгін ауыл әкімі Ж.Жунусбеков сала мамандарымен аппараттық жиын өткізді.
Күн тәртібінде: ауыз су, мал сою алаңы, суға шомылу маусымы бойынша мәселелер қаралды. Жиын барысында алдағы атқарылатын іс-шаралар нақтыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

16 июля 2024
БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін 15 шілде күні Орынбай ауылында балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.
Кіріспе сөз ауыл әкімі Ж.Жунусбековке берілді.

Ауылымыздың “Алтын алқа” иегерлері, батыр аналарымыз Сыздықова Қадиша мен Баянова Кенжеш қызыл лента қию рәсімін орындап, шашу шашты.

Ақсақалдар алқасы төрағасы Амиржанов А., қоғамдық кеңес төрағасы Шуданбеков Ш. , ардагер ұстаз Тишмағанбетова А. бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тілеп, ыстық ықыластарын жаудырды.

Шара соңында барлық балаларға тегін балмұздақтар таратылды.

Елдімекендерді абаттандыру бағдарламасы аясында балалар ойын алаңын орнату жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 2 млн 400 мың теңге қаражат жұмсалды. Мердігері: жеке кәсіпкер: “Махаева К.С” ‎

16 июля 2024
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

◽️Бүгін ауыл әкімдігінде кезекті аппараттық жиналыс өтті.

◽️Кеңесте күн тәртібіне қойылған мәселелер талқыланды.
◽️Тоқталатын болсақ, балалар ойын алаңын құрылысы аяқталуы, мал бағылымы, ауыз су мәселелері қаралды

16 июля 2024
Ауыл әкімі Ж.Жунусбеков сала мамандарымен аппараттық жиын өткізді.

Бүгін ауыл әкімі Ж.Жунусбеков сала мамандарымен аппараттық жиын өткізді.
Күн тәртібінде: ауылда атқарылып жатқан жұмыстар (ойын алаңы, тұрғын үй салу т.б.) мәселелер қаралды. Жиын барысында алдағы атқарылатын іс-шаралар нақтыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы