Бидайық ауылдық округтерде мерекелік іс-шараларды өткізу бойынша бекітілген жұмыс жоспарлары бойынша өткізіледі.
Мереке қарсаңында орталық көшелер, кәсіпорындар, ғимараттар ұрандармен безендірілді.
Әр атаулы мерекелерге : атап айтқанда Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 355 жыл әдеби кеші, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесі кеші, Алғыс айту күні, халықаралық әйелдер күні, Қош келдің- Әз наурыз мерекесі, 1 мамырҚазақстан халқы бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 31 мамыр күні «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты еске алу кеші, «Бала деген бір бақыт» мерекелік кеш,4 маусым «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты видео репортаж және кітап көрме, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130-жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты тарихи сағат, 1 шілде «Ұлттық домбыра» күніне орай «Домбыра-асыл мұра» танымдық сағат, Астана күніне орай «Ғажайып алаңы» атты ойын ұйымдастырылды, 30 – тамыз Қонституция күніне орай «Ата Заңым-ардақты» атты мерекелік іс-шара кітап көрме, 1 –Қыркүйек білім күні, 5 – қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тіл –ұлттың жан байлығы» атты интелектуалды ойын ұйыдастырылды, қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» мерекелік кеш, 25 қазан Республика күніне орай «Менің Отаным-Қазақстан» атты мерекелік концерт, 15 қараша ұлттық валюта күніне орай «Теңге-Тәуелсіздік символы» ақпараттық сағат, 16-желтоқсан күніне орай «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты еске алу кеші.
Желтоқсанның 31 күні ауыл әкімшілігі тарапынан, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен мүмкіндіктері шектеулі балаларға ; тұнғыш рет ана атанған азаматашалардың сәбилеріне аяз ата мен ақшақар сыйлықтар таратты. Жалпы округ бойынша 21 іс-шара өтті.