"Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақтау ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
| Мекенжайы | 200100, Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылдық округі, Ақтау ауылы, Жібек жолы көшесі, 1 үй. |
| Электрондық адрес | aktau-akimat@mail.ru |
| Телефон | +7(71059)53061 |