Құрамында Жаңаарқа ауданының Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Адикамов, полиция қызметкері Е.Абильдин және жергілікті ветеринариялық дәрігер Т.Тлеубаев жасақталған жұмыс тобы құрылып, жұмыс тобының мүшелері аралау барысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бойынша ауылды аралады. Ауылдық округ бойынша асыл тұқымды үй жануарлары жоқ. Үй жануарларының иесіне және жауапты адамға үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары негізінде түсіндіру жұмыстары жасалды. Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығы туралы ескертілді.