Ұлытау облысының ветеринария басқармасының 2025 жылдың 3 - тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Ұлытау облысының әкімдігінің ветеринария басқармасы (бұдан әрі-басқарма) және аудан, қала ветеринариялық станциялар тарапынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Басқарманың ведомстволық бағынысында 2 қалалық филиалымен бірге 3 ветеринариялық станция бар. Кәсіпорындар үш мемлекеттік қызмет көрсетеді (3-ші қызмет жаңа қызмет болып табылады, 19.10.2023ж АШМ 367 бұйрық өзеріс енген), ал басқарма «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» қызметін көрсетеді.

1.Ветеринариялық анықтама беру (мемлекеттік қызмет коды 01301012).

            Ветеринариялық объектілер тасымалданған (орын ауыстырылған) кезде объект түріне қарай ветеринариялық анықтама жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдардың бекітілген ветеринария саласындағы маман «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» ережесіне және «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес рәсімдейді.

            Ветеринария саласындағы маман жануарды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап тексергеннен кейін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасындағы немесе одан үзіндідегі жануарлар туралы мәліметтер, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ аумақтың өтіну сәтіндегі эпизоотиялық ахуалын бағалау негізінде мөрімен және қолымен расталған ветеринариялық анықтама береді.

            Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесіне» енгізіледі және анықтама межелі пунктіне жеткенге дейін жарамды болып табылады.

             2025 жылдың 3 тоқсанында 4801 ветеринариялық анықтама берілді.

 

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу (мемлекеттік қызмет коды 01301018) қызметі жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар арқылы көрсетіледі.

            Бұл қызмет түрі – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

                2025 жылдың 3 тоқсанында 654 ветеринариялық паспорт берілді.

 

  1. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету). Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы N 367 Бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

2025 жылдың 3 тоқсанында түзетулер мен өзектендірулер жүргізілген жоқ.

 

 

           

  1. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру.

            Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру қызметін Ұлытау облысының ветеринария басқармасы көрсетеді.

            Бұл қызмет түрі қызметті берушінің кеңсесі және «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады. Қызмет электрондық немесе қағаз түрінде көрсетіледі.

            Басқарма тарапынан 2025 жылдың 3 тоқсанында лицензия берілген жоқ. 

Дата публикации
16 января 2026