«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» ММ Ұлытау облысының аудан, қала кескінінде 2024 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың Жоспары бекітілгенін хабарлайды.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Ұлытау облысының аудан, қала кескінінде 2024 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың Жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілгенін хабарлайды. Жоспар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы №16-07/332 «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарау
6 тармақшасына сәйкес, ветеринариялық-санитариялық саламатты аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау тәртібі төмендегідей жүзеге асырылады:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторингінің деректері;
кірісті (төл және басқа түсімдер), шығысы (сойылу, қырылу және өзге есептен шығарылу) және жануарлардың топтастырылуы (эпизоотиялық бірліктер) ескеріле отырып, қолда бар жануарлар басы;
ветеринариялық препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (тәлімдемеге) сәйкес, оған қарсы дауалау жүзеге асырылатын жануарлардың ауруына байланысты ветеринариялық препаратты енгізу еселігі;
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда көзделген диагностикалық зерттеулердің еселігі;
көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (аудандардағы, облыстардағы) және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы деректері.
Сонымен қатар, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 14) тармақшасына және Ұлытау облысы әкімінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №38/01 «Профилактикасы және диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» қаулысы негізінде 2024 жылға арналған жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу іс-шаралар Жоспары да бекітіліп, облыстық бюджет қаражаты есебінен мүйізді ірі қара малының тейлериозына қарсы және жылқы малының сақау ауруына қарсы ветеринариялық препараттар толық көлемде «аудандық, қалалық ветеринарияық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналды мемлекеттік кәсіпорындарына жеткізілді.

Бекітілген Жоспардағы жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар ақысыз жүргізілетінін жеткіземіз. Ағымдағы жылы жоғарыдағы жұмыстарды жүргізуге облыстық бюджет қаражаты есебінен 014 эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу бағдарламасына 961 587,0 мың теңге, 012 жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бағдарламасына 16 013,0 мың теңге қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын шаруа немесе фермерлер қожалықтаына және ауыл тұрғындарының назарына алдағы іс-шараларды жүргізу үшін жергілікті жерлердегі ветеринар мамандармен хабарласып ауыл шарашылығы жануарларынызды уақытылы вакцинация алуын қамтамасыз етілуін сұраймыз.

 

Дата публикации
12 февраля 2024