Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы

 
 
 
Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру
қағидаларын бекіту туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы No 10/70 шешімі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада No 30719
болып тіркелді
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының
сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:Заңына
1. Қоса беріліп отырған Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау
және жансыздандырубекітілсін.қағидалары
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы
Б. Шингисов
Ұлытау облыстық
мәслихатының
2022 жылғы 23
қарашадағы
No 10/70
шешімімен бекітілген
Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1.ОсыҰлытауоблысындажануарлардыаулау,уақытшаұстаужәне
жансыздандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен
қарау туралы" Қазақстан Республикасыныңсәйкес, (бұдан әрі – Заң), ҚазақстанЗаңына
Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18
мамырдағыNo162"Жануарлардыаулаудың,уақытшаұстаудыңжәне
жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы"сәйкес әзірленді (бұйрығына
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 28125 болып
тіркелген)жәнеҰлытауоблысындажануарлардыаулау,уақытшаұстаужәне
жансыздандыру (иттер мен мысықтар) тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1)аулауқызметіжануарлардыаулаумен,уақытшаұстауменжәне
жансыздандырумен айналысатын, облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған
мемлекеттік ветеринариялық ұйым, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес
заңды тұлғалар;
 
 
2) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен
тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) жануарларға арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін
жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды,
сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй
жануарларын (компаньон жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік
кешен;
4) жануарға қатыгездікпен қарау – жануардың өліміне, мертігуіне немесе оның
саулығына өзге де зиян келуіне алып келген немесе алып келуі мүмкін қасақана
іс-әрекет;
5) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және
қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған
немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстау үшін
әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
6) жануарды эвтаназиялау (бұдан әрі – эвтаназиялау) – жануардың ауырсынуын
және физикалық қиналуын болғызбай оны дәрі-дәрмекпен жансыздандыру;
7) қаңғыбас жануарлар – иесі жоқ иттер мен мысықтар;
8) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі
және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар;
9) стерилизациялау – жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен
ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру;
10) үй жануарларын есепке алу бұйымдары (құралдары) – үй жануарларын есепке
алу үшін пайдаланылатын болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
11) үй жануарларын есепке алу жөніндегі деректер базасы (бұдан әрі – деректер
базасы) – үй жануарының жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін
қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы, үй жануарлары ұсталатын немесе
тасымалданатын жылжымайтын мүлік объектілері мен көлік құралдары, жеке тұлғаның
әрекет қабілеттілігі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған үй
жануарларын иелену тарихы туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі
жүйесін көздейтін электрондық деректер базасы;
12) үй жануарларын есепке алу – үй жануарына жеке нөмір берілгені, тұрғылықты
жері көрсетілген оның иесі және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы
мәліметтерді міндетті тіркеу.
2-тарау. Жануарларды аулау
3. Жануарларды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды
аулау қызметі жүзеге асырады.
4. Жануарларды аулау күнтізбелік бір жылға арналған аулау қызметінің басшысы
бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұлытау облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
05 декабря 2022