Ереже

 

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

                            

Жалпы ережелер

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шегінде Ұлытау облысының аумағында ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіне сәйкес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде анықталады.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

Заңды тұлғаның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған  қаласы, Алаш алаңы, 1.

Мемлекеттік органның толық атауы:

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Осы Ереже «Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер, «Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары құқықтары мен міндеттері

«Ұлытау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы аймақта жануарлардың аса қауіпті ауруларынан эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамсыз ету мақсатында ветеринария саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Міндеттері:

ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

халық  денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

жеке және заңды тұлғаларға ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсету.

Функциялары:

ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс – шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық – санитариялық сараптаманы лицензиялау;

Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс – шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құныниелеріне өтеу;

ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар жоспарын бекіту;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;

ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп – қарауды жүргізу;

эпизоотологиялық зерттеп – қарау актісін беру;

ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс – шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс – шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс – шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;

мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;

ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ветеринария ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу;

ветеринария саласында кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету;

ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы бойынша есептерді қарау, келісу және бекіту;

ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығаруды келісу;

коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындарды жекешелендіру туралы ұсыныстар енгізу;

коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ветеринария ұйымының басшысын тағайындау және қызметтен босату;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ветеринария ұйымы басшысының ұсынуы бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ветеринария ұйымы басшысының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;

мемлекеттік – жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурстың не тікелей келіссөздердің ұйымдастырушысы ретінде болу;

мемлекеттік – жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары бойынша мемлекеттік – жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;

Ұлытау облысы бойынша ветеринария саласында сандық технологияларды дамыту үшін жағдай жасау;

ветеринария саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық – коммуникациялық желілерді құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ветеринария саласындағы Ұлытау облысы бойынша ашық деректердің интернет-порталында жиынтық деректерді ұсыну және өзектілендіруді қамтамасыз ету;

мемлекеттік орган қызметкерлерінің сандық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау;

жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Құқықтары мен міндеттері:

ветеринарияны дамыту мәселелері бойынша аппараттық кеңестердің, облыс әкімдігінің алқаларының, облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсыныстар енгізу;

өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;

ветеринариялық құжаттар беру;

мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс – әрекет жасасу;

ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған кезде бірлесіп қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетілген фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлау;

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қою;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.

 

 

Ереже
Дата публикации
17 октября 2022