GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
08 октября 2026
Жезқазғанда жасыл белдеуді қалыптастыру жұмыстары басталды

Жезқазған қаласында жасыл белдеу құруға бағытталған жұмыстар басталды. Ағымдағы жылдың күзгі кезеңінде 8 000 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Көшеттермен қамтамасыз етуге қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары қатысады. Атап айтқанда, A.I.Satbaev atyndagy Jezkazgan Tau-ken ondirisi, «Kazakhmys Smelting», «Kazakhmys Energy» және «ҚазТрансОйл» АҚ қажетті көшеттерді қамтамасыз етеді.

Отырғызу жұмыстары барысында өңірдің табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген ағаштар мен бұталардың түрлері таңдалады. Атап айтқанда, биіктігі 2–3 метр болатын терек, қарағаш, шаған, сондай-ақ үйеңкі, сары акация, спирея, сирень, итмұрын және қайың көшеттерін отырғызу көзделген.

Отырғызу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған кәсіпорындар тарапынан отырғызылған көшеттерді 12 ай бойы күтіп-баптау және сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

Жасыл белдеуді қалыптастыру жобасы қаланың жасыл аумақтарын ұлғайтуға, санитарлық-экологиялық жағдайды жақсартуға, шаң-тозаң мен жел әсерін төмендетуге және тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған. 

Мемлекеттік қызмет көрсету
Хабарландыру
16 июля 2026
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыруға ниеті мен дайындығы бар мүдделі инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екендігін хабарлайды.

Баспасөз релизі

2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын (бұдан әрі – ҚЭКЖ) салу бойынша инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – ИТК) жасалды. Аталған келісімдер шеңберінде электр энергиясына 1 кВт/сағ үшін 55 теңгеден аспайтын тариф көзделген.

ҚЭКЖ тетігін енгізудің негізгі мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, қалдықтарды көму полигондарына түсетін қалдықтар көлемін қысқарту, қалдықтарды кәдеге жарату саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және соның нәтижесінде қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету болып табылады.

Бүгінгі таңда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары Еуропаның көптеген елдерінде, Корея Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Жапонияда және басқа да мемлекеттерде табысты іске асырылуда.

Қазақстанда іске асырылатын жобалар Еуропалық Одақтың өнеркәсіптік шығарындылар туралы директивасының талаптарын сақтауды көздейді, бұл атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта облыс орталықтарында әлеуетті инвесторлармен ұқсас шарттарда тікелей ИТК жасасу мәселесі қарастырылуда.

Осы ретте, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында ҚЭКЖ жобаларын іске асыруға ниеті мен дайындығы бар мүдделі инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екендігін білдіреді.

30 июня 2026
«Ұлытау облысының 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» жобасы бойынша жиналыс.
Хабарландыру
26 июня 2026
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру

2026 жылғы 30 маусымда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Кездесу орны: Сатпаев қ., Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер Сарайы.

Бағдарлама:
11:00– 12:00— азаматтарды жеке қабылдау;
12:00 - 13:00 — халықпен және коммерциялық емес ұйымдармен кездесу;
13:00 – 13:20 — өңірлік БАҚ-пен брифинг.

Кездесу ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми «Facebook» және «YouTube» парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жеке қабылдауға жазылу 2026 жылғы 29 маусымда дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Байланыс нөмірі: 8 (778) 592 39 55
Электрондық пошта: s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz

Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз!

06 июня 2026
«Таза жағалау» акциясы аясында сенбілік өтті

«Таза жағалау» акциясы аясында сенбілік өтті

5-маусым Экологтар күніне орай Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – су айдындары жағалауларының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Акцияға Ұлытау облысының Экология департаменті, Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы, «Ұлытау су қоймалары» КМҚК және «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» КММ қызметкерлері белсенді қатысты. Жалпы акцияға 52 адам қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарға өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында су айдындары жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Мұндай экологиялық іс-шаралар табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға және өңірдің экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Хабарландыру
13 мая 2026
«Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру»

2026 жылдың 13 мамырдан бастап 30 жұмыс күн ішінде Басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетінін хабарлайды.

Талдау кезінде жұмыс тобының құрамына барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Қатысу үшін ағымдағы жылдың 18 мамырға дейін келесі телефон арқылы хабарласуға болады: 8-7102-41-03-49 немесе WhatsApp: 87053346969

14 апреля 2026
Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізу туралы Анонс!

Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізу туралы Анонс!

«Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Басқарма) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2026 жылдың 14 сәуірінде сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: 8 7102 41-03-59.

Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі 15, 3-қабат, 34-кабинет.

Хабарландыру
24 апреля 2025
«Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізу туралы Анонс!

«Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Басқарма) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2025 жылдың 28 сәуірінде сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: 8 7102 41-18-56.

Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі 15, 3-қабат, 35-кабинет.

Хабарландыру
17 марта 2025
«Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру»

2025 жылдың 14 наурызынан бастап 30 жұмыс күн ішінде Басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетінін хабарлайды.

Талдау кезінде жұмыс тобының құрамына барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Қатысу үшін ағымдағы жылдың 17 наурызына дейін келесі телефон арқылы хабарласуға болады: 8-7102-41-03-49 немесе WhatsApp: 87053346969

Хабарландыру
26 ноября 2024
ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2024 жылғы 29 қараша сағат 11.00 Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаевтың Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуі (Жезқазған қаласы, Есенберлина көшесі, 9 үй «Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениет үйі»КМҚК) өткізіледі, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлытау облысы әкімдіктерінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») ұйымдастырылады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар

Халықпен кездесу өткізу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Жеке қабылдауға жазылу 2024 жылдың 29 қарашасы сағат 10.15-11.00-ге дейін жүргізіледі. Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8(701)100-44-66 арқылы хабарласуды және сұрақтарыңызды алдын-ала WhatsApp нөмірге немесе электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz жолдауды сұраймыз.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы