ҚҰРМЕТТІ
Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының елді мекендерінің тұрғындары!
«Экологиялық электрондық геоақпараттық жүйені қалыптастыра отырып, Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданы халқының денсаулығы мен қоршаған ортасының жай-күйін кешенді бағалау» жобасының аяқталуына байланысты, 2024 жылы 31 қазан күні сағат 11:00 Жезқазған қаласы, Алаша алаңы, 3 (Жезқазған халықтар достығы мен мәдениеті үйі) мекен-жайында, Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданы елді мекендерінің тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтеді. Кездесуге Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы елді мекендерінің тұрғындарын қатысуға шақырамыз.