2026–2028 жылдарға арналған «Ащысай» кен орны бойынша атмосфераға ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы және Табиғат қорғау іс-шараларының жоспары.

Хабарландыру
«ҚОР» Мұнай Компаниясы» АҚ Ащысай кен орны үшін 2026-2028 жылға арналған «Атмосфераға зиянды заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, табиғат қорғау іс-шаралары жоспары» бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдау өтетін орны:
2026 жылы 29 қазанда сағат 15:00-де Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Жангелді ауылдық округі, Байқоңыр ауылы, Рысқұлов көшесі, №10 мекенжайы бойынша
Әсер ету аймағы: координаттары - 46°25'39.04" с.е., 65°43'35.01" ш.б.; 46°17'0.16" с.е., 65°56'30.42" ш.б.; 46°11'30.70" с.е., 65°57'50.09" ш.б.; 46°15'1.95" с.е., 65°50'37.80" ш.б.
Бастамашысы: «ҚОР» мұнай компаниясы АҚ, БСН 991140000357, Қызылорда қ., Н. Назарбаев даңғылы, 29 ғимарат, тел.: 8 (701)313 5063, e-mail: ecolog@kor.kz.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «Сыр-Арал сараптама» ЖШС-і, Қызылорда қ., Желтоқсан 120, БСН 101140013315, тел.: 8 (7242)230306, e-mail: sa-saraptama@mail.ru.
Онлайн қосылымға сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/5460619818?pwd=4UWwuXLoAIVzaVml8AmloGgZ3SsYBO.1
Конференция идентификаторы: 546 061 9818
Кіру коды: 123456
Жоспарланған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға болатын электрондық пошта және телефон нөмірі: sa-saraptama@mail.ru, 8 (7242)230306.
Жоба құжаттамасы Ұлттық деректер банкі сайтында (ndbecology.gov.kz) және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau_upr.
Жергілікті атқарушы органның электрондық және пошталық мекенжайы: Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы: e-mail: ulytau.obl_priroda@mail.ru, тел: 8(7102)766001.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық деректер банкі сайты (ndbecology.gov.kz) арқылы және ulytau.obl_priroda@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.

Құжат
Дата публикации
15 октября 2026