ТОО «Велет», ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 12:00-де Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округі, Ералиево ауылы, Орталық көшесі, 13-үй, Мәдениет үйі мекенжайы бойынша «Көмірді байыту» бойынша байыту фабрикасын салуға және қолданыстағы құрылыстарды тау-кен байыту фабрикасына қайта құруға арналған Жұмыс жобасына ықтимал әсерлер туралы Есеп бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.
Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның сайтында танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-upr/about?lang=ru
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар ақпараттық жүйенің сайтында ndbecology.gov.kz, сондай-ақ ulytau.obl_priroda@mail.ru қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Төтенше жағдай режимі және (немесе) шектеу шаралары, соның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн форматта өткізіледі. Қоғамдық тыңдаулардың белсенді сілтемесі:
https://teams.microsoft.com/meet/386455497535459?p=UnwSkVlmB8oPiaQSQt
Жиналыс идентификаторы: 386 455 497 535 459. Құпия коды: vT3pi6Cy
Қосымша ақпаратты info@ecoprofkz.kz электрондық поштасы және +7 (7212) 41-61-91 телефоны арқылы алуға болады.
Жоспарланған қызмет операторы: ТОО «Велет», БСН: 210740015908, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жайрем кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 8-ғимарат, тел: 8 (705) 545-62-10.
Жобаны әзірлеуші: ТОО «EcoProf KZ», БСН: 131240019006. Заңды мекенжайы: M01F2B4, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Аманжолов көшесі, 17/3, н.п. 1. тел./факс: +7 (7212) 41-61-91, e-mail: info@ecoprofkz.kz.
Әсер ету аумағы: Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округі.
Жер телімінің географиялық координаттары: Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округі, 48°44'50.76" солтүстік ендік, 70°5'41.56" шығыс бойлық.
Әсер ету аумағының географиялық координаттары: Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округі, 48°44'25.28" солтүстік ендік, 70°7'0.05" шығыс бойлық.