«Ұлытау облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2026 жылдың 15 тамызында сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.
Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады:
+7-(705)-179-74-28.
Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, улица Заслонова 6
Отан қорғау - ер жігіттің қастерлі борышы.
Борышыңды бізбен атқар! Үздіктер қатарына қосыл!
1 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін елдің барлық аймақтарында ҚР МКҚ қатарына мерзімді қызметке шақыру жүріп жатыр.
ҚР МКҚ өкілдерінің телефон нөмірлері фотосуреттерде көрсетілген.
Ұлытауда күзгі тазалық айлығы басталады!
12 қыркүйек пен 10 қазан аралығында облыс елді мекендерінде абаттандыру, санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Ал 12 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді.
🌿 Барша тұрғындарды, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін сенбілікке белсенді қатысып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамыз!
Таза орта — жайлы өмірдің бастауы!
Қаражал қаласының Жәйрем кентінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының ашылу салтанаты өтті.
2026 жылғы 3 тамызда Қаражал қаласының Жәйрем кентінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Оқу-жаттығу Ұлытау облысының аумақтық қорғанысын жетілдіру, әскери міндеттілердің даярлық деңгейін арттыру және олардың практикалық дағдыларын шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға оқу-жаттығудың мақсат-міндеттері таныстырылып, алдағы дайындық кезеңінің маңыздылығы атап өтілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2026 жылғы 21 шілденің 30 жұмыс күні ішінде " Ұлытау облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" ММ -де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Ұлытау облысында запастағы әскери міндеттілердің қатысуымен ұйымдастырылған тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өз мәресіне жетті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі мен Үкіметінің тапсырмасына сәйкес өткізіліп, өңірдегі аумақтық қорғаныс жүйесінің даярлығын арттыруға бағытталды.
Биыл оқу-жаттығулар Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округ аумағында өтті. Оған 78 әскери міндетті азамат, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында әскери міндеттілер арнайы даярлықтан өтіп, аумақтық қорғаныс күштерінің құрамында әрекет ету бойынша теориялық және практикалық машықтарын жетілдірді.
Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – қатысушылардың әскери дайындығын арттыру, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету қабілетін нығайту, практикалық дағдыларын шыңдау, сондай-ақ жауынгерлік рух пен патриоттық сезімді күшейту болды.
Шараның қорытындысында қатысушыларға көрсеткен жоғары жауапкершілігі мен белсенділігі үшін алғыс айтылды. Ұлытау облысы әкімінің аппараты басшысы Кенгирбай Смағұлов өз сөзінде мұндай оқу-жаттығулардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызына тоқталды.
🇰🇿Патриотизм – туған жерді, ел мен халықты, отбасын қорғауға деген жауапкершіліктен басталады. Біз әрдайым Отанымыздың игілігі үшін қызмет етуге, кез келген жағдайға дайын болуға тиіспіз. Сондықтан мұндай оқу-жаттығулардың маңызы зор. Оқу-жаттығуларға белсенді қатысып, жоғары жауапкершілік танытқан барлық азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Кенгирбай Смағұлов.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өңірдің қорғаныс қабілетін арттыруға, әскери міндеттілердің даярлық деңгейін жетілдіруге және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтуға мүмкіндік берді.
2026 жылғы 16 маусымда Жаңаарқа ауданында аудан әкімінің қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған оқу-жаттығу Ұлытау облысының аумақтық қорғанысын даярлау, әскери міндеттілердің әскери даярлық деңгейін арттыру, олардың білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
2026 жылғы 11 маусымда Ұлытау облысының аумақтық қорғанысын даярлау аясында облыс әкімінің әскери қауіпсіздік, қорғаныс және жұмылдыру жұмыстары жөніндегі көмекшісі М.К. Қайшатаевтың төрағалығымен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы өткізілді.
Жаттығу барысында әскери міндеттілерді хабардар ету, жинау және қабылдау, мемлекеттік органдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ жұмылдыру дайындығын арттыру мәселелері пысықталды.
«Ұлытау облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ тыл ардагерлерін 9 Мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық және отбасыларына бақ-береке тіледі.
Сіздердің соғыс жылдарындағы қажырлы еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз бен Отанға деген адал қызметтеріңіз Ұлы Жеңіске жетудің маңызды негізі болды. Ел үшін атқарған ерен еңбектеріңізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Әрдайым жақындарыңыздың құрметі мен қамқорлығына бөленіп, шаңырақтарыңыздан қуаныш, тыныштық пен молшылық арылмасын. Жеңіс күні құтты болсын!
Бүгін сағат 09:00-де Ұлытау облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ басшысының төрағалығымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске облыс әкімінің әскери қауіпсіздік, қорғаныс және жұмылдыру жұмыстары жөніндегі көмекшісі, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «99290 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері, сондай-ақ аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы қатысты.
Кеңес барысында тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері, тартылған қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.