
Сарысу ауылдық округінің клуб үйінің іргетасы 1985 жылы қаланды.
2009-2010 жылдары күрделі жөндеуден өтті.
2020-2021 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жасалынды.
150 орындық көремен залымен жабдықталған.
Жалпы жұмыс жасайтын қызметкерлер саны – 16.
Оның ішінде мәдениет қызметкерлері саны – 7.
Клуб үйігің жанынан құрылған үйірмелер саны – 4.
Олар «Арқа самалы» ән үйірмесі, «Айдай» би үйірмесі, «Ақмаржан» тоқыма үйірмесі, «Көркемөнер» қолөнер үйірмесі.
Ауылдық клуб үйінде жылдық жоспарға сай іс-шаралар өз деңгейінде атқарылады. Жыл басы «Жаңа жыл» мейрамынан бастап, мемлекеттік мерекелер, бүлдіршіндер арасында, жастар арасында ән байқаулары, атаулы даталар, мерейтойлар, кездесу кештері, дөңгелек үстелдер, концерттер мен жыр кештері жүйелі түрде өтіп тұрады.
Клуб үйінің екінші қабатында 12000 кітап қоры бар ауылдық кітапхана орналасқан. Онда 2 кітапханшы жұмыс істейді.
2023 жылы Облыстық «Өнер патшасы» фестиваль-байқауы аясында өткізілген «Ең Үздік ауылдық Клуб үй» номинациясын жеңіп алды.