
Сарысу ауылдық округ бойынша 105 шаруа қожалығы тіркелген. Бүгінгі күні осы шаруа қожалықтарының жалпы пайдаланып отырған жер көлемі – 218500 гектар оның ішінде: жайылымдар – 212000 гектар; шабындықтар – 6500 гектар. 2024 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтары мен жеке аула иелігіндегі жалпы мал басы саны, оның ішінде:
- ірі қара – 8374 бас.
- қой-ешкі – 15108 бас.
- жылқы – 8568 бас.
- құс – 144 бас.