
Сарысу ауылдық округінің бір аусымда 25 адам қабылдай алатын фельдшерлік-акушерлік пункті 2023 жылы салынып, пайдалануға берілді.
Онда 1 мейіргер, 2 медбике, тазалықшы, көлік жүргізуші қызмет атқаруда. Егу-емдеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, жүкті аналар есепке алынып, денсаулықтары қадағаланып отырады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне ауыл тұрғындары толықтай тіркелген, жыл сайын өтетін флюрографиялық тексерістен түгел өтіп отырады.