
Денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы.
Қоскөл ауылдық фельдшерлік амбулаторлық пунктінде 2 медбике мен жедел жәрдем автокөлігін жүргізуші жұмыс істейді. Егу, емдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп, жүкті аналар есепке алынып, денсаулықтары бақылауда. Ауыл тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркеліп, жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтеді.