
Қаракеңгір ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 374518 га. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер – 240813 га, оның ішінде жайылымдық жер – 220354 га, егістік жер 13500 га.
Ауылдық округ бойынша 82 шаруа қожалығы ауылшаруашылық жануарларын өсіру және егін шаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасайды.
Ауылдық округке қарасты 16 шаруа қожалық ірі қара малдарын селекциялық асылдандыру мақсатында жұмыс жүргізеді. «Рахымбек» шаруа қожалығы «Әулиекөл» асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіру жұмыстарын дамытуда.
Егін шаруашылығымен айналысатын 12 шаруа қожалық бар. 2023 жылы 9 шаруа қожалығы егін егу жұмыстарын жүргізді, егілген егістік көлемі 10250 га, оның ішінде бидай – 9630 га, арпа – 620 га.
2023 жылғы егілген егістік көлемі
|
№ |
Шаруа қожалық атауы |
Барлығы |
Бидай |
арпа |
|
1 |
кх "Акбиева" |
500 |
500 |
|
|
2 |
кх "Жеңіс" |
80 |
80 |
|
|
3 |
кх "Айтуғанов Б" |
1600 |
1600 |
|
|
4 |
кх "Бидай" |
1500 |
1500 |
|
|
5 |
кх "Бекетай Баба" |
5500 |
5000 |
500 |
|
6 |
кх "Казангапов Б.О" |
250 |
240 |
10 |
|
7 |
кх "Сұңғат" |
1100 |
1000 |
100 |
|
8 |
кх "Нұр Қуан" |
70 |
70 |
|
|
9 |
кх "Аянбаев Е" |
80 |
70 |
10 |
|
Барлығы |
10250 |
9630 |
620 |
|
2024 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтардың және үй шаруашылығының мал басы саны және 2023 жылмен салыстырмалы пайыздық көрсеткіші:
Мал басының 2024 жылғы 1 қаңтардағы мал санының 2023 жылды салыстырғандағы пайыздық көрсеткіштері
Қаракеңгір ауылдық округі бойынша «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 % жеңілдетілген несие алуға 5 азамат құжат өткізіп, 4 азаматтың өтініштері мақұлданды. Қазіргі уақытта 5 адам аталған жеңілдетілген несиені алуға ниет білдіріп, құжаттарын жинақтауда.