GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Все материалы
Ауыл шаруашылығы
20 февраля 2024
"Ауыл аманаты" бағдарламасы

Ауыл халқының табысын арттыру жобасының мақсаты:

Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларына сәйкес микрокредиттер мынадай тұлғаларға беріледі::

1) жұмыссыздар;

2) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер;

3) дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;

4) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын;

5) күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын;

6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері;

7) ісін жаңа бастаған және/немесе жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.

Микрокредиттер үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттарда беріледі:

1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі-7 (жеті) жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы:

- ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда 2,5 немесе 8625,0 мың теңгеге дейін (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткіш;

- ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8,0 немесе 27 600,0 мың теңгеге дейін (сегіз) мың айлық есептік көрсеткіш;

Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерді қайта кредиттеу кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8,0 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен, бірақ бұрын алынған микрокредит бойынша мерзімнің 1/2 (екінші бірінен) ерте емес беріледі;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын мерзімін құрайды;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды.

20 февраля 2024
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ҰСТАУ ҚАҒИДАСЫ БОЙЫНША
Құрметті аудан тұрғындары!
Үй жануарларын байлауда немесе қоршауда ұстауды сұраймыз. Серуендеу қағидалары бұзылған жағдайда иелері айыппұл салу түріндегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2-бабына сәйкес үй жануарларын ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады:
- жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (36920 теңге);
- лауазымды тұлғаларға - жиырма АЕК (73840 теңге) мөлшерінде;
- заңды тұлғаларға - отыз АЕК (110760 теңге) мөлшерінде.
20 февраля 2024
Қазақстанда ауруханалар мен халық көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылды

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда ауруханалар мен халық көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылды, деп хабарлады агенттік тілшісі. «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшылары медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін», - делінген денсаулық сақтау министрінің қаулысында. Денсаулық сақтаумині атап өткендей, маска тағу халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дің алдын алу мақсатында қажет. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе матадан жасалған бетперделерді пайдалану ұсынылады. Атап айтқанда, әуежайлар, вокзалдар, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктерде де бетперде тағу керек. Сондай-ақ масканы көліктің барлық түрлерінде қолдану ұсынылады: қоғамдық, әуе және теміржол.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы