Жолаушылар көлігі және тасымалдау бөлімінің Ережесі

Жолаушылар көлігі және тасымалдау бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелері

 

1.1 Жолаушылар көлігі және тасымалдау бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2 Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет кодекстерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа алады. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы"," Автомобиль көлігі туралы"," темір жол көлігі туралы","ішкі су көлігі туралы", "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", Басқарма туралы ереже, басқарма жұмысының регламентің қолданады.

          1.3 Бөлімнің құрылымы басшының бұйрығымен, бөлімнің штат саны облыс әкімінің өкімімен бекітіледі. 

          1.4 Бөлім құрылымы:

          -бөлім басшысы;

          -бас маман;

          -бас маман.

Жолаушылар көлігі және тасымалдау бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
15 октября 2024