GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жоғары жетістіктер спорты
22 октября 2026
ҰЛЫТАУЛЫҚ ЕРКЕЖАН НАУКЕНОВА — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

Ұлытау облысының намысын қорғаған Еркежан Наукенова самбодан юниорлар арасындағы Әлем чемпионатында 3-орын иеленіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Дүбірлі дода Грекияның Салоники қаласында өтіп жатыр. Әлемнің үздік самбошылары бақ сынаған байрақты бәсекеде ұлытаулық спортшы жоғары шеберлік танытып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

 Еркежан, жеңісің құтты болсын!
Келер жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Ұлытаудың және Қазақстанның көк Туын көкке көтере бер!

Жоғары жетістіктер спорты
22 октября 2026
НҰРАЙЛЫМ СӘРСЕНБЕК – АЗИЯ КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

Ұлытау облысының дзюдо спортындағы кезекті жарқын жетістігі!

Дзюдодан ересектер арасында Т. Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрайлым Сәрсенбек қола жүлдеге ие болды.

Нұрайлымды және оның бапкерлерін лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

Спорттық іс-шаралар
22 октября 2026
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Ресей елдерінің спортшылары қатысқан халықаралық жарыста Ұлытау облысының көркем гимнастика спортшылары командалық есепте ІІІ орынға ие болды! 

Жүлдегер спортшыларымыз:

Айым Ғалымжанова — 2013 ж.т.

Айлана Орынбасар — 2013 ж.т. 

Айнель Орынбасар — 2015 ж.т.

Спортшыларымызды және жаттықтырушыларын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт
22 октября 2026
 ДАЯНА ФЕДОСОВА — АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

Ұлытау облысының спортшысы Федосова Даяна пара дзюдодан V Азия Пара ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, J2 санаты, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша ел намысын абыроймен қорғап, III орынға ие болды. 

Бұл — табандылық пен қажырлы еңбектің, қайсар рух пен жеңіске деген жігердің жемісі!

Даяна Федосованы лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

#ҰлытауОблысы #ПараДзюдо #АзияПараОйындары #ДаянаФедосова #ҚолаЖүлде #ҚазақстанСпорты

Бұқаралық спорт
22 сентября 2026
АБЗАЛ ӘЛМЕНОВ IRONMAN ЖАРЫСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ

Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Сәтбаев қаласының тұрғыны Абзал Әльменовті Италияның Червия қаласында өткен әлемдегі ең күрделі триатлон жарыстарының бірі — IRONMAN сайысын сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтайды!

Спортшы жалпы ұзындығы 226 шақырымды құрайтын қашықтықты толық еңсерді. Жарыс барысында қатысушылар 3,8 шақырым жүзу, 180 шақырым веложарыс және 42,2 шақырым марафондық жүгіру кезеңдерінен өтті.

Абзал Әльменов бұл күрделі сынақты абыроймен еңсеріп, өзінің жоғары физикалық дайындығын, төзімділігін, қайсарлығы мен мақсатқа деген табандылығын көрсетті.

Абзал Әльменовке зор денсаулық, алдағы спорттық жарыстарда сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!

Ұлттық спорт түрлері
11 сентября 2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындарға ие болған қазақстандық спортшылармен кездесті.

Мемлекет басшысы халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшыларды құттықтап, олардың жеңісі Қазақстан спортының мерейін асқақтатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Президент Ұлытау облысының намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған жерлестерімізді арнайы құттықтады.

Спортшыларымыздың халықаралық аренадағы әрбір жеңісі – ел мерейі, өскелең ұрпаққа үлгі.

👏 Жерлестерімізді кезекті биік белесті бағындыруымен құттықтаймыз!

Ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!

Ұлттық спорт түрлері
03 сентября 2026
НҰРСҰЛТАН ЕСІМБАЙ — ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР!

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында таяқ тартудан (маст-рестлинг) Қазақстан құрамасының спортшысы, Ұлытау облысының намысын қорғаған Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде III орын иеленіп, қола медальға қол жеткізді.

 Спортшымызды жүлдесімен құттықтаймыз!
 Ұлытау облысының абыройын асқақтатып, ел намысын лайықты қорғаған Нұрсұлтанға алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!

Жоғары жетістіктер спорты
19 августа 2026
🥉🥉🥉 ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

в қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Нұрсыйла Берікбол Ташкент қаласында өтіп жатқан Жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ауыр атлетикадан 57 кг салмақ дәрежесінде керемет нәтиже көрсетті!

🏋️‍♀️ Нұрсыйла Берікбол жалпы 176 кг нәтижемен 3 бірдей қола жүлдеге ие болды! 🥉🥉🥉

👏 Бұл — спортшымыздың табанды еңбегі мен тынымсыз дайындығының жемісі!

Нұрсыйланы және оның жаттықтырушысын осы жарқын жеңісімен құттықтаймыз! 🇰🇿💪
Алдағы жарыстарда биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

03 августа 2026
Хабарландыру. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, 2026 жылғы 17 тамыздан бастап 30 жұмыс күні ішінде «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

 

Бұқаралық спорт
02 июля 2026
Жезқазғандық жас спортшы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды

2026 жылғы 27–28 маусым күндері Болгария Республикасында киокушинкай-кан каратэден ашық Еуропа чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 40 елінен 300-ден астам спортшы қатысты.

Аталған халықаралық жарыста Жезқазған қаласының жас спортшысы Еркін Зере жоғары нәтиже көрсетіп, 12–13 жас санатында 35 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, Еуропа чемпионы атанды.

Айта кетейік, Еркін Зере бұған дейін Қырғыз Республикасында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған болатын.

Жас спортшымызды және оның жаттықтырушыларын жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы халықаралық жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы