Бос лауазым туралы хабарландыру

 

«Ұлытау облысының дене  шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (100600, Жезқазған қаласы,  Бейбітшілік даңғылы, 26/4 үй, анықтама үшін телефон 8 (72102) 73-49-64, электрондық пошта: ( ulytausport@mail.ru )   Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ұлытау облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Мекеменің негізгі қызметі: Спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Функционалдық міндеттері: Мекеме Жарғысына сәйкес жалпы басшылық жасау және коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі): "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық.

 Мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және Ерекше бөлімдері), Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,  «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, психология және кадр менеджменті негіздерін, Жарғыға сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білуі қажет.

Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

 Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған резюме, еркін түрде жазылған өмірбаян, білімі туралы құжаттарының көшірмелері, еңбек кітапшасының (бар болса) немесе жеке еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнына қабылдаған және жұмыстан босатқан бұйрықтарының көшірмелері, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Кокурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, сол сияқты алдыңғы жұмыс орнының басшысының кепілдемесін және т.б.) тапсыра алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Ұлытау облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасында конкурсқа қатысуға жіберілгендер тізімін бекіткен күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде әңгімелесуді өтеді.

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 октября 2023