Ұлытау облысы дене шынықтыру
және спорт басқармасы басшысының
2023 жылғы «___»___________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Ұлытау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында:
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз құзыреті шеңберінде қарастыру, олар бойынша қажетті шараларды қабылдау;
функционалдық міндеттерді орындау барысында нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген құжаттарды сұратуға жол бермеу, сондай-ақ қағазбастылықты (төрешілдікті) болдырмау;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешім қабылдауда айқындықты қамтамсыз ету;
жеке басына қатысты мәселелерді шешу кезінде жеке және заңды тұлғаларға ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдаланбау;
қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өз кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
2) басқарушылық және басқа да шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде өз құзыреті шеңберінде:
мүдделер қақтығысына жол бермеу, болған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шараларды қабылдау;
мемлекеттік қызметкердің құзыретіне кіретін заңды міндеттерді орындаумен байланысты шешімдерді қабылдау барысында үшінші жақтардан (көрсетілетін қызметті алушылардан) материалдық құндылықтарды, қызметтерді және басқа да ерекше жеңілдіктерді қабылдамау;
құзыреттерді берілген құқықтар шеңберінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес атқару;
дене шынықтыру және спорт салаларындағы заңнаманы сақтау;
3) нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді дайындау кезінде:
өзіне немесе үшінші жақ үшін пайда табу, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын бұзу мақсатымен нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге жол бермеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді уақытылы әзірлеу;
заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары түсіндірме жазбаларымен және оларға салыстырма кестелерімен (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастыру;
кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын түсініктеме жазбаларымен қоса жеке кәсіпкерлер субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сараптама қорытындыларын алу үшін, сонымен қатар сол жобаны мүдделі мемлекеттік органдарымен кейінгі әр келісу жағдайында жолдау;
азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын Ұлытау облысының қоғамдық кеңесіне жолдау.
Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ұлытау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының құзыретіне кіретін актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, нормативтік құқықтық актілердің сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күшін жою бойынша шараларды қолға алу.
4) ерекшеліктерге байланысты туындаған өзге де қарым-қатынастар барысында:
мемлекет мүддесіне зиян келтіретін немесе мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі жасайтын немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
заңда тәртіптік, әкімшілік жауапкершіліктер көзделген қылықтарға және басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекет мүддесіне зиян келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
5) тексеріс жүргізу кезінде:
егер олар тексеріс объектілері болып табылмаса немесе тексеріс нысанасына жатпаса құжаттарды, ақпараттарды талап етпеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда тексеріс барысында белгі болған коммерциялық, салық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу және (немесе) таратпау;
қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне қатысты, оның ішінде оларға өз қатынастарын насихаттау үшін қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау;
6) мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде:
мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызмет стандарттары және регламенттеріне сәйкес көрсету;
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарастыру және оларды белгіленген мерзімдерде нәтижесі туралы хабардар ету;
көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметің орындалу кезеңі туралы ақпараттандыру;
мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардан, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік қызмет стандарттарында көзделмеген құжаттарды талап етпеу;
іскер және ресми тәртіп қағидаларын сақтау.
1) егер мемлекеттік қызметкерде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы ақпарат болған жағдайда, ол сол құқықбұзушылықтың алдын алу және тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдау қажет, соның ішінде ол өзі жұмыс жасайтын мемлекеттік ұйымның басшылығын және жоғары тұрған басшыға хат түрінде тез хабарлау қажет.
2) мемлекеттік қызметкер сондай-ақ оны сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты жасауға басқа тұлғалар бейімділік жасаған жағдайлар туралы көрсетілген тұлғаларды және органдарды хат түрінде жылдам түрде хабардар ету қажет.