GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
27 августа 2026
Тұрақты тұруға және Қандас мәртебесіне қалай рұқсат алуға болады
17 августа 2026
Жұмыс берушілердің назарына!

Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 274 бұйрығына сәйкес 2027 жылға Ұлытау облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота алу бойынша өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.

Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін ұсынады.

Осыған байланысты Сізден электрондық пошта мекенжайына қосымшасы бар ілеспе хаттардың электрондық нұсқаларын жіберуіңізді сұраймыз – sektor_zan@mail.ru

Сонымен қатар, Сіздерден Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 мекенжайы бойынша Басқармаға қосымшасы бар ілеспе хаттардың түпнұсқаларын ұсынуды сұраймыз.

04 августа 2026
Анонс! «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізу туралы

«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2026 жылдың 6 тамызында сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: +7-(777)-073-47-57.

Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі 25, 1-қабат, 16-кабинет.

27 июля 2026
«Адам саудасына қарсы іс-қимыл: мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 17 шілдеде Жезқазған қаласында Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Адам саудасы – ауыр қылмыс» кең ауқымды ақпараттық науқаны аясында «Адам саудасына қарсы іс-қимыл: мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Ұлытау облысы Полиция департаментінің, білім басқармасының, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, қоғамдық даму басқармасының, дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында адам саудасының алдын алу, зардап шеккендердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ ақпараттық науқан аясындағы іс-шараларды іске асыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар айқындалды.

03 июля 2026
Ұлытау облысында әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті

2026 жылғы 3 шілдеде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Н.Г. Карипбаевтың төрағалығымен облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ шақырылған тұлғалар қатысты.

Отырыс барысында еңбек қатынастарының жай-күйіне, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қатысушылар «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасындағы ахуалды, кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мәселелерін, құрылыс объектілерінде еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде жүк көтергіш механизмдерді пайдалану мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар облыс кәсіпорындарында жалақының уақтылы төленуі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақытылы аударылуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аталған мәселелердің мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестік тараптарының тұрақты бақылауында екені атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге және мүдделі тараптарға нақты тапсырмалар берілді.

02 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы анонс

«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған саясатын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 08 маусым мен 20 шілде аралығында Басқарма ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды.

21 мая 2026
Ұлытау облысының отбасын қолдау орталықтары

Отбасы институтын нығайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Ұлытау облысында Отбасын қолдау орталықтарының желісі құрылды.

Қазіргі таңда өңірде 5 орталық жұмыс істейді, олар Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында орналасқан.

Орталықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен жекелеген азаматтарға, соның ішінде шұғыл дағдарыстық деңгейде де кешенді көмек көрсетеді. Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңестер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, психологиялық және заңгерлік көмек, отбасылық функцияларды қалпына келтіруге және өмірлік жағдайды тұрақтандыруға қолдау, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау қызметтері ұсынылады.

Орталықтардың қызметі халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және отбасындағы қолайсыз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Көмек алу үшін облыс тұрғындары тұрғылықты жері бойынша жүгіне алады.

Отбасын қолдау орталықтарының мекенжайлары:

Жезқазған қ., Сарыарқа көшесі, 8а, Instagram: https://www.instagram.com/otbasynqoldau_zhezkazgan?igsh=MWowaXRqamIyMDBqbg;

Сәтбаев қ., Ғ.Мұратбаев көшесі, 5, Instagram: https://www.instagram.com/satpaev.qoldau?igsh=MThpaHZkdDV2eGdhdw;

Қаражал қ., Сайдалы Сары Тоқа көшесі, 1-үй, Instagram: https://www.instagram.com/cps_karazhal?igsh=enNzZThwcHB4dHh5;

Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 30/1, Instagram:

https://www.instagram.com/otbasynqoldau_zhanaarka?igsh=MWo2ampxazAzOWVk;

Ұлытау селосы, Абай көшесі 23А, Instagram: https://www.instagram.com/otbasynqoldau_ulytauaudany?igsh=YjJoYjA3MGs0dGN3.

13 мая 2026
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу басталғанын жариялаймыз.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары сапалы жұмыс атқаратын тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмысшысы таңдалады;

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді платформа «Qamqor.enbek.kz» арқылы қабылдау 22 мамырдан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты (87102) 77-31-67, 8 7055823872  (Ұлытау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар   басқармасы) телефондары арқылы алуға болады.

Мекен-жайымыз: Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 , 1-қабат,   10 кабинет, еңбек нарығын талдау, көші-қон және әлеуметтік әріптестік   бөлімі, эл.пошта:sektor_zan@mail.ru

10 апреля 2026
Барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілердің назарына!

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі

«Парыз 2026» конкурсы туралы

 

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 177 Жарлығына сәйкес республикада 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» конкурсы өткізіледі.

Конкурстың негізгі маңыздылығы қазақстандықтардың әл – аухатын жақсарту мен еліміздің дамуына қосқан бизнес құрылымының үлесін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін елімізде жария ету.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы төмендегі номинациялар  бойынша өткізіледі:

1)  «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);

2)  «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (номинациясында тұтас алғанда қоғамның және атап айтқанда өз ұйымы қызметкерлерінің еңбекті қорғау саласында бағытталған бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);

3)  «Үздік ұжымдық шарт» (номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады);

4)  «Экологияға қосқан үлесі үшін» (номинациясында талапкердің корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ұстанымдардан жоғары нәтежеге жеткен қызметі қаралады);

5) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» (номинациясында жұмыспен қамтуға және (немесе) халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін, бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар қаралады).

Ағымдағы жылы конкурсқа қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kz. сайтарқылықабылданады.

Номинациялар бойынша өтінімдер 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін енгізілуі тиіс.

Конкурс бойынша толық ақпаратты «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасы» ММ-нен алуға болады, ұялы телефон 8 705 582 3872.

11 марта 2026
Адам саудасының құрбаны болмау

Жоғары сапалы буклеттер "Құжаттар" бөлімінде қол жетімді

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы