Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешімі

Айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріндегі мемлекеттік грант-бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал.

Грант қаражаты халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Гранттар мынадай бағыттарды дамытуға ғана беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

Жезқазған
Дата публикации
25 июня 2024