Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Арнаулы әлеуметтік қызметтер

Қазіргі уақытта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселе өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту болып табылады. Ұлытау облысында есепті кезеңде аталған адамдарды қамту 1796 адамды немесе арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың жалпы санының 100%-ын құрады.

Облыста «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру және әлеуметтік мекемелер желісін кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бағынысты бір медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Аталған медициналық әлеуметтік мекеме стационар жағдайында қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. 2022 жылы медициналық-әлеуметтік мекемелермен арнаулы әлеуметтік қызметтермен 226 адам қамтылды.

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы жұмыс істейді, Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ведомстволық бағынысты (Жезқазған қ. - 40 орындық).

Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызметтерді қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанындағы 14 үйде қызмет көрсету бөлімшесі қызмет көрсетеді. 2022 жылы 1114 қарт және еңбекке жарамсыз адам қамтылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3-күшпен үкіметтік емес сектор мұқтаж мүгедектерге және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, жалпы ауру бойынша 1, 2-топтағы мүгедектерге және қарттарға үйде күтім жасау және күндізгі болу (жартылай стационар) жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

ҮЕҰ қызметтерімен 81 мұқтаж адам қамтылды, оның ішінде күндізгі болу жағдайында - 60 адам, үйде күтім жасау жағдайында – 21 адам. 

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторинг бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы