
2023 жылғы 1 қаңтардағыжағдай бойынша 656 отбасындағы 3061адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау жүргізілді. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алуға мүмкіндік берді. Монетизация АӘК алушылар қатарындағы балаларға қосымша төлем белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұл шара атаулы әлеуметтік көмек алатын 190 мыңға жуық балаға әсер етеді.
Сондай-ақ, алушыларға Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.