
1975 жылғы 22 қарашада Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар. 1999 жылы Жезқазған университетін «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Қарағанды қаласындағы «Орталық-Қазақстан университеті МГТИ-Лингва» оқу орнын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Тұрмыста, үш баласы бар.
Еңбек жолын 1999 жылы өнеркәсіп тауарларын сатушы болып бастады.
2001 жылғы 2 қазан – 2019 жылғы 6 қараша — «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы.
2019 жылғы 7 қараша – 2022 жылғы 21 қыркүйек — «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы.
2022 жылғы 22 қыркүйек – 2025 жылғы 9 қаңтар — «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ мүгедектігі бар адамдар мен ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету және мониторинг бөлімінің басшысы.
2025 жылғы 9 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету және мониторинг бөлімінің басшысы.