«Таза Қазақстан – тынысы таза өлке»: Жезді кентінде жастармен экологиялық кездесу өтті
Ұлытау облысының Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентінде «Таза Қазақстан – тынысы таза өлке» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында өткізіліп, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын насихаттауға бағытталды.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, туған өлкенің табиғатын қорғауға деген жанашырлығын қалыптастыру, елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдау және жастарды қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді тарту.
Іс-шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау, қоғамдық орындарды таза ұстау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, жастардың экологиялық акцияларға, сенбіліктерге және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Тазалықты сақтау тек тиісті мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.
Кездесуге қатысушылар туған жердің тазалығы мен көркеюі әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталатынын жеткізіп, қоршаған ортаға жанашырлық таныту, табиғатты аялау және қоғамдық орындарда тазалық мәдениетін сақтау қажеттігін атап өтті.
*«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны тазартуға бағытталған шаралар жиынтығы ғана емес, қоғамда экологиялық жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыруға негізделген маңызды қоғамдық қозғалыс.*
Мұндай кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, экологиялық құндылықтарды кеңінен насихаттауға және туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға ынталандырады.
Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жастардың қатысуымен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарды жалғастыру маңызды.
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Қазақтелеком» АҚ, Баладжи Шринивасанның Network School жобасы және Шервин Пишевардың Sofreh Capital, Edison және Alpha компанияларымен бірлескен стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум Қазақстанда есептеу қуаттарын, халықаралық капиталды, инженерлік құзыреттер мен өнеркәсіптік базаны біріктіретін экожүйе қалыптастыруды көздейді. Серіктестіктің мақсаты - қазақстандық және халықаралық командаларға технологиялар әзірлеуге, өндіріс іске қосуға және жаһандық нарыққа бағытталған компаниялар құруға мүмкіндік беретін жағдай жасау.
Меморандумға қол қою алдында Шервин Пишевар AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында мәлімдеме жасады. THE NEW ECONOMY: POWERED BY AI сессиясында сөз сөйлеген инвестор Қазақстанда кеңселер ашып, компаниясын осында көшіру және елдің дамуына инвестиция салу ниеті туралы айтты. Қазақстанның артықшылықтары ретінде ол инженерлік кадрларды, инновацияларға мемлекеттік қолдауды, өнеркәсіптік және ресурстық базаны атап өтті. Ал Higgsfield жетістігін Қазақстанның технологиялық әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалуының мысалы ретінде келтірді.
Серіктестік Қазақстанның Network School жобасымен басталған ынтымақтастығын жалғастырады. Баладжи Шринивасанның Network School жобасы Қазақстанда жұмысын бастады. Бастаманың іске қосылуымен бірге елге оның командасы мен халықаралық технологиялық қауымдастықтың 240-тан астам өкілі келді.
Меморандумның негізгі инфрақұрылымдық бағыты - Digital Silk Road «Цифрлық Жібек жолы» жобасы.
Шервин Пишевар негізін қалаған Sofreh Capital инвестициялық холдингі Digital Silk Road бірлескен кәсіпорнының негізін қалаушы серіктестерінің бірі болады.
Министрлікпен және қазақстандық серіктестермен бірлесіп, Sofreh Capital жобаны құрылымдау, халықаралық капитал мен технологиялық серіктестерді тарту бойынша жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ Digital Silk Road жобасын дата-орталықтарды, ғарыштық есептеу инфрақұрылымын, спутниктер мен Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін біріктіретін жасанды интеллект инфрақұрылымы саласындағы интеграцияланған компания ретінде дамытуға ықпал етеді.
Меморандум Қазақстанда жаңа технологиялық салаларды дамытуға және қазірдің өзінде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды бірыңғай экожүйеге біріктіруге негіз қалыптастырады. Бұл есептеу қуаттары мен дата-орталықтар, телекоммуникациялық және ғарыштық инфрақұрылым, робототехника және Physical AI, жаңа энергетикалық шешімдер, стратегиялық маңызды материалдар және халықаралық технологиялық капиталды тарту бағыттарын қамтиды. Бұл бағыттар Қазақстанда жаһандық нарыққа арналған өнімдер мен технологияларды жасауға қабілетті жаңа экономиканың элементтері ретінде қарастырылады.
«Қазақстанның технологиялық державалардың біріне айналуы үшін қажетті ресурстары, құзыреттері және ауқымды жобалары бар. Осы мақсатта Мемлекет басшысы қаржылық, инфрақұрылымдық және кадрлық ресурстарды мақсатты түрде бөле отырып, жаңа экономиканы дамытуды жалпыұлттық басымдық ретінде айқындады. Бүгінде біз «Дата-орталықтар алқабы», Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі сияқты ірі жобаларды ілгерілетіп, ғарыш саласын дамытып, жаңа технологиялық өндірістерге негіз қалыптастырып жатырмыз.
Негізгі бағыттардың бірі - ЖИ-токендер экономикасы. Бұл модельде біздің энергетикалық ресурстарымыз есептеу қуатына, ал есептеу қуаты әлемдік нарыққа арналған жасанды интеллект қызметтеріне айналады. Біз ЖИ-токендерді болашақтағы «интеллектке қол жеткізу валютасы» ретінде қарастырамыз. Қазақстан өзінің энергетикалық әлеуеті негізінде жоғары қосылған құн қалыптастыра отырып, осы жаңа цифрлық ресурстың ірі өндірушісі әрі экспорттаушысы бола алады.
Тағы бір стратегиялық бағыт - Physical AI, яғни нақты әлемде роботтарды, жабдықтар мен автономды жүйелерді басқаратын жасанды интеллект. Тау-кен өнеркәсібі, металлургия және басқа да өндірістер бізге бәсекелестік артықшылық береді. Бұл - өнеркәсіптік деректер мен нақты өндірістік алаңдар. Олардың негізінде біз жетекші технологиялық компаниялармен бірлесіп, салалық ЖИ-модельдерін жасап, бұл шешімдерді жаһандық нарыққа шығара аламыз.
Жаңа мүмкіндіктер ғарыш технологиялары мен коммерциялық ұшырулар, жартылай өткізгіштер мен батареяларға арналған критикалық минералдарды өңдеу, криптоиндустрия, пилотсыз көлік және төмен биіктіктер экономикасы бағыттарында да ашылып отыр. Алатау қаласы мен IT-таланттардың халықаралық экожүйесі кәсіпкерлерді, инженерлер мен капиталды тартатын орталықтарға айналып, осы салалардың дамуын қамтамасыз етуі тиіс.
Осы бағыттарды біріктіре отырып, біз Digital Silk Road - «Цифрлық Жібек жолын» қалыптастыра аламыз. Ол арқылы Қазақстан әлемдік нарықтарға есептеу қуатын, технологиялар мен интеллектуалдық өнімдерді ұсынады. Бұл стратегияны іске асыру құралы негізгі жобаларды біріктіріп, ірі капитал тарта алатын және әлемдік технологиялық көшбасшылармен бірлескен кәсіпорындар құратын халықаралық технологиялық ЖИ-холдинг болуы мүмкін. Біздің мақсатымыз - осы негізде капиталдандыру көлемі 100 млрд доллардан асатын, Қазақстанның технологиялық позициясын нығайтып, елдің ұзақ мерзімді әл-ауқатының жаңа көздерін қалыптастыратын жаһандық бизнес құру», - деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Қазақстанның өнеркәсіптік базасы елді осындай технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және масштабтау алаңы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық аясында пилоттық жобаларды, сынақ алаңдарын, роботтарды құрастыру және компоненттер өндіру мүмкіндіктерін пысықтау көзделеді. Басқа болашағы зор бағыттардың қатарында ғарыш технологиялары, шағын ядролық энергетика, кванттық есептеулер және жаңа материалдар бар.
Серіктестіктің қаржылық бағыты Қазақстанда жұмыс істейтін немесе өз бизнесін осында орналастыратын компанияларға инвестиция салу үшін АХҚО юрисдикциясында венчурлық қор құру мүмкіндігін пысықтауды көздейді. Ұлттық даму институттарының ықтимал қатысуын олар белгіленген рәсімдерге сәйкес дербес айқындайтын болады.
Сонымен қатар, Edison-ды қоса алғанда, венчурлық студиялар, сондай-ақ жаңа компанияларды іске қосу және дамыту үшін Alpha платформасының қазақстандық бөлімшесін құру жоспарланып отыр.
«Қазақстан капитал тартуға ғана емес, халықаралық технологиялық компаниялар мен инвесторлардың мұнда ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жағдай жасауға да мүдделі. АХҚО бұл үшін қажетті құқықтық және қаржылық инфрақұрылымды ұсынады. Біздің міндетіміз - халықаралық капитал мен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері арасындағы байланыстырушы буынға айналу», - деп атап өтті АХҚО өкілдері.
Ынтымақтастықтың бұл бөлігінде «Қазақтелеком» АҚ - ұлттық байланыс операторы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тобының компаниясы негізгі рөл атқарады. Компания Қазақстанның магистральдық талшықты-оптикалық инфрақұрылымы мен дата-орталықтар желісіне иелік етеді және оларды басқарады. Сондай-ақ қазақстандық тараптан Digital Silk Way аясындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына қатысады.
«Біз дата-орталықтар алқабын және қуаты жүздеген мегаватт болатын жасанды интеллект инфрақұрылымын құрып жатырмыз. «Қазақтелекомның» Транскаспий ТOБЖ-ны қоса алғанда, кең ауқымды байланыс инфрақұрылымы бар. Алайда Қазақстанның мүмкіндіктері бұдан әлдеқайда кең.
Егер осының бәрін бір жүйеге біріктіріп, ауқымды венчурлық инвестициялар мен мықты технологиялық сараптаманы тартсақ, болашақтың мүлде жаңа көрінісі қалыптасуы мүмкін. Болашақта Қазақстаннан ғарышқа дата-орталықтар ұшыру туралы да айтуға болады. Бірақ бұл үшін жүйелі түрде, кезең-кезеңімен әрекет ету маңызды», - деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты - ЖИ-индустриясы мен озық технологиялар үшін сенімді жеткізу тізбектерін дамыту. Тараптар автоматтандыру, робототехника және Physical AI, ғарыш саласы, кванттық есептеулер, энергетика және критикалық материалдар секторына инвестиция тартуға ықпал етуді көздейді.
Жаңа бағыттарға мамандар даярлау Network School қатысуымен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Бұл тәсілдің негізінде технологиялық компанияларға қажетті практикалық құзыреттер, қазақстандық университеттермен және зерттеу ұйымдарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ әзірлемелерді коммерцияландыруға қолдау көрсету жатыр.
«Шервин Пишевар Uber, Airbnb, Slack, Instacart және DoorDash компанияларын қоса алғанда, ондаған «единорог» компанияға инвестиция салған. Ол Digital Silk Road бірлескен кәсіпорнын, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі басқа да компанияларды дамытуға қолдау көрсету үшін Қазақстанда Sofreh Capital компаниясын құрып жатыр. Біз онымен және Қазақстан Үкіметімен бірлесіп, қажетті мамандарды Қазақстаннан және әлемнің басқа елдерінен тартуға және даярлауға атсалысамыз», - деді Network School (ns.com) негізін қалаушы Баладжи Шринивасан.
Ынтымақтастық аясында серіктестер кәсіпкерлерге компанияларды тікелей Қазақстанда іске қосуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құруды да жоспарлап отыр. Шервин Пишевар Баладжи Шринивасанмен бірлесіп, елге 10 мыңға дейін жаңа кәсіпкер тартуға және оларға компания құру үшін қажетті инфрақұрылым ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді.
«Қазақстанда жасанды интеллект дәуірінің көшбасшыларының біріне айналу үшін қажеттінің бәрі бар: әлемдік деңгейдегі адами капитал, жоғары білімді кадрлар, бай табиғи ресурстар, сондай-ақ жаһандық ауқымдағы жобаларды жасауға мүмкіндік беретін көшбасшылық, амбиция, дамуға деген ұмтылыс пен мәдениет.
Серіктестерімізбен бірге біз Digital Silk Road жобасын іске қосамыз. Бұл - жасанды интеллект үшін есептеу қуатын, энергетикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды біріктіріп, дата-орталықтарды, ғарыштық дата-орталықтарды, спутниктер мен Транскаспий талшықты-оптикалық желісін байланыстыратын Еуразиядағы жетекші ЖИ-инфрақұрылымдық компанияны құру жөніндегі бірлескен жоба.
Біз Қазақстанда автоматтандыру, робототехника, physical intelligence, атом энергетикасы, ғарыш, кванттық есептеулер және стратегиялық маңызды материалдар сияқты бағыттарда озық технологияларды дамытамыз. Жаңа экономиканың тігінен интеграцияланған инфрақұрылымын қалыптастыруды жоспарлап отырмыз: Жердегі және орбитадағы ЖИ-дата-орталықтар, ғарыштық ұшырулар мен спутниктер өндірісі, сондай-ақ шағын модульдік және микроядролық реакторлардан бастап кванттық есептеулерге дейінгі болашақтың энергетикалық және есептеу технологиялары.
Біз сондай-ақ жаһандық компаниялардың дәл осы жерде, Қазақстанда құрылып, дамуына мүмкіндік беру үшін қазақстандық венчурлық қор мен венчурлық студияларды іске қосамыз. Ал Баладжи Шринивасан және Network School-мен бірге Қазақстанға 10 мың кәсіпкер тартуды және оларға келесі Higgsfield - дәл осы жерде құрылған жасанды интеллект саласындағы әлемдік деңгейдегі технологиялық компанияны құру үшін қажетті барлық мүмкіндікті ұсынуды көздейміз. Қазақстан үшін енді аспан да шек емес. Алда - жұлдыздар», - деді Шервин Пишевар.
Қол қойылғаннан кейін 100 күн ішінде тараптар ынтымақтастықты іске асыру жоспарын келісуді көздеп отыр.
Меморандум рамалық сипатқа ие. Нақты жобалар, инвестиция көлемі және тараптардың қатысу шарттары жеке келісімдер арқылы айқындалатын болады.
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында жыл сайынғы AI & Digital Bridge Awards 2026 марапаттау рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның («ҰАТ» АҚ) eGov.GPT жобасы «GovTech Project of the Year» номинациясында жеңімпаз атанды.
AI & Digital Bridge Awards 2026 жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және цифрлық трансформацияны дамытуға үлес қосқан үздік жобаларды, компаниялар мен командаларды айрықша атап өтуге бағытталған. Биыл марапат жеті номинация бойынша табысталды: «GovTech Project of the Year», «EdTech Project of the Year», «Startup of the Year», «Corporate AI - Transformation of the Year», «International Breakthrough of the Year», «VC of the Year» және «Creative Industry Project of the Year».
«Соңғы бір жылда пайдаланушыларға сұраныс арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді жылдам әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік беретін eGov.GPT жобасын белсенді түрде дамытып келеміз. Бұл марапат, ең алдымен, өнімді әзірлеп, дамытқан, пайдаланушылардың кері байланысын ескеріп, қажетті өзгерістерді қысқа мерзімде жұмыс жүйесіне енгізген бүкіл команданың еңбегіне берілген баға деп білемін. Жұмысымыздың осындай жоғары бағаланғанына қуаныштымыз»– деді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шыңғыс Оразалимов.
eGov.GPT-ді дамыту мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен қолайлылығын жасанды интеллект технологиялары арқылы арттыруға бағытталған. Пайдаланушы өз сұранысын еркін түрде енгізіп, қажетті ақпаратты ала алады. Бұл өзіне қажетті мемлекеттік сервисті табуды және электрондық үкіметтің цифрлық инфрақұрылымымен өзара іс-қимылды жеңілдетеді.
AI & Digital Bridge Awards 2026 марапатына қатысушыларды іріктеу екі кезең бойынша жүргізілді. Алғашқы кезеңде жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы әр номинация бойынша бес үміткерден тұратын қысқа тізім қалыптастырылды. Екінші кезеңде финалистер қазылар алқасының онлайн дауыс беруіне ұсынылып, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
eGov.GPT жобасының «GovTech Project of the Year» номинациясындағы жеңісі мемлекеттік цифрлық сервистерді дамытуда жасанды интеллект технологияларын қолдануға бағытталған шешімнің жоғары бағаланғанын көрсетті.
Айта кетсек, AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы 1-3 қазан аралығында Астанадағы «EXPO» ХКК аумағында өтуде және AI MONTH аясындағы негізгі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды. Форум Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткізіледі.
Астанада AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аяқталды. 1-3 қазан аралығында өткен форум технологиялық бизнес өкілдерін, мемлекеттік институттарды, халықаралық компанияларды, инвесторларды, стартаптарды, әзірлеушілерді және сарапшылар қауымдастығын біріктірді.
Форумның алғашқы күні мемлекеттік органдар басшыларының, халықаралық делегациялардың және технологиялық индустрия өкілдерінің қатысуымен арнайы бағдарлама өтті. 2 және 3 қазанда AI & Digital Bridge кең аудиторияға арналған ашық бағдарламамен жалғасты.
AI & Digital Bridge 2026 форумының негізгі тақырыбы «Kazakhstan is the Eurasian AI Hub» болды. Форум Қазақстанның өңірлік AI-экожүйені қалыптастырудағы рөліне, өзінің технологиялық инфрақұрылымын дамытуға және жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналды.
Ашық бағдарламаның екі күнінде форум алаңына 47 мыңнан астам адам тіркелді. Күнделікті көрсеткіштердің жиынтығы бойынша форумға 18 мыңнан астам бірегей келуші қатысты.
Іскерлік бағдарламаға 429 бірегей спикер, оның ішінде 114 шетелдік сарапшы қатысты. Форум аясында 106 панельдік сессия өтті. Көрмеде Startup Alley алаңында 96 стартап, 49 IT-компания және 42 жеке стенд өз жобаларын таныстырды. Форумның негізгі практикалық нәтижелерінің бірі 61 меморандум мен келісімге қол қою болды.
2026 жылы бағдарламада жасанды интеллектті дамыту, есептеу инфрақұрылымы, үлкен тілдік модельдер, робототехника, технологиялық кәсіпкерлік, инвестициялар, білім беру, AI-ді реттеу және жаңа шешімдерді мемлекеттік және корпоративтік секторға енгізу мәселелеріне басымдық берілді.
Мемлекет басшылығының қатысуымен стратегиялық күн тәртібі
1 қазандағы арнайы бағдарламаның негізгі оқиғасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен пленарлық отырыс болды. Мемлекет басшысы елдің технологиялық трансформациясының негізгі бағыттарын және жасанды интеллектінің экономика, ғылым, білім беру және мемлекеттік басқаруды дамытудағы рөлін атап өтті.
«Бүгінде жасанды интеллект технологияларының өнеркәсіп, қаржы, білім беру, ғылым, мемлекеттік басқару және адамдардың өмір салтын түбегейлі өзгертіп жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты AI & Digital Bridge күн тәртібі жыл сайын жаңарып, жаңа өзекті тақырыптар пайда болып, қатысушылардың қатары кеңейіп келеді. Форумда цифрландырумен қатар есептеу инфрақұрылымы, үлкен тілдік модельдер, робототехника мәселелері бойынша да пікірталастар өтеді. Ғылым мен технология саласындағы заңнамалық реттеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, AI & Digital Bridge жаңа технологиялар саласындағы халықаралық байланыстар үшін тиімді алтын көпір қызметін атқарып отыр», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Форумның алғашқы күнінде Qazaq AI Research University (QAIRU) университетінің ашылуы да өтті. Президент AI-Enabled University моделінің жұмысымен және жаңа зерттеу университетін дамытудың негізгі бағыттарымен танысты. Технологиялық экспозиция барысында Мемлекет басшысына білім беру, мемлекеттік қызметтер және өнеркәсіп салаларындағы цифрлық және AI-жобалар да таныстырылды.
Мемлекеттік күн тәртібі форумның қорытынды күнінде жалғасын тапты. 3 қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов AI & Digital Bridge алаңында ұсынылған цифрлық шешімдермен танысты. Сонымен қатар ол халықаралық технологиялық индустрия өкілдерімен кездесулер өткізіп, AI & Digital Bridge Awards 2026 жеңімпаздарына марапаттарын табыстады. Премьер-министрге QAIRU-дың білім беру процесін бейне және аудио талдау саласындағы шешімдері, AI-тьютор, білім алушылардың үлгерімін талдау құралдары және басқа да отандық AI-өнімдер таныстырылды.
Қазақстан AI-экономикасының толық циклін дамытып келеді
Форумның негізгі тақырыптарының бірі Қазақстанда жасанды интеллектінің толыққанды экожүйесін қалыптастыру болды. Бұл тек дайын AI-құралдарын енгізумен шектелмейді. Сонымен қатар меншікті инфрақұрылымды, есептеу қуаттарын, тілдік модельдерді, технологиялық компаниялар мен адами капиталды дамытуға, сондай-ақ технологиялық бизнестің өсуіне және инвестиция тартуға қажетті жағдай жасауға басымдық беріледі.
AI-инфрақұрылымын дамыту Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің форум қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде де негізгі тақырыптардың бірі болды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы форумның ашылуында жаңа технологияларды дамыту қарқынды өзгеріп жатқан дәуірдің ажырамас шындығына айналғанын атап өтті. Қазақстанда жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге қажетті барлық құқықтық негіз қалыптасты. Цифрлық инфрақұрылым озық қарқынмен дамып келеді. Қазіргі таңда Орталық Азиядағы ең ірі, энергетикалық қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін кампус - «ДӨО-алқабы» мегажобасының құрылысыу белсенді жүргізілуде. ДӨО жасанды интеллектті, бұлтты сервистерді, ғылыми зерттеулер мен жаңа цифрлық өндірістерді дамытуға негіз болады. Біз жаһандық технологиялық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға ашықпыз», - деді Премьер-министр Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның жаңа AI-экономиканың барлық деңгейін жүйелі түрде дамытып жатқанын атап өтті.
«Біз толыққанды AI-экономиканы қалыптастырудың бастапқы кезеңіндеміз. Әртүрлі бағалаулар бойынша оның жалпы қолжетімді нарығы қазірдің өзінде 50 триллион доллардан асады. Қазақстан үшін бұл жаңа жаһандық экономикада өз орнын тауып, жасанды интеллектіні дамытудан барынша тиімділік алуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз AI-экономиканың барлық бес деңгейін, яғни энергетикалық инфрақұрылым, чиптер мен бұлтты платформалардан бастап, өзіміздің тілдік модельдеріміз бен қосымшаларымызға дейін жүйелі түрде дамытып келеміз», - деді Премьер-министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Халықаралық сараптама және жаңа технологиялық байланыстар
Екі күн ішінде өткен 106 панельдік сессия AI дамуының негізгі бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, жаңа экономика, жаһандық технологиялық бәсекелестік, инвестициялар, адами капитал, есептеу инфрақұрылымы, робототехника және Physical AI мәселелері талқыланды. Халықаралық бағдарлама жетекші кәсіпкерлерді, инвесторларды, зерттеушілерді, жаһандық технологиялық компаниялардың басшыларын және мемлекеттік институттардың өкілдерін біріктірді.
AI & Digital Bridge 2026 форумының негізгі спикерлері қатарында Network School негізін қалаушы, кәсіпкер және инвестор Баладжи Шринивасан және Crimson Education компаниясының тең құрылтайшысы әрі бас директоры (CEO) Джейми Битон болды. Олардың қатысуы форумның халықаралық құрамын кеңейтіп, технологиялық кәсіпкерлік, білім беру, таланттарды дамыту және жасанды интеллект дәуіріндегі дамудың жаңа модельдері туралы пікірталастарды тереңдете түсті.
Халықаралық бағдарламаның негізгі қатысушыларының бірі 01.AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, Sinovation Ventures төрағасы және AI кеңесінің мүшесі Кай-Фу Ли болды. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Sofreh Capital компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Шервин Пишевар, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турловпен бірге The New Economy: Powered by AI пікірталасына қатысты. Сессияны Элеанор Олькотт жүргізді. Қатысушылар жасанды интеллекттің жаһандық экономиканы қалай өзгертіп жатқанын және жаңа AI-экономиканы қалыптастыру үшін қандай жағдайлар қажет екенін талқылады.
The New AI World Order атты жеке пікірталас жасанды интеллекттің жаңа әлемдік архитектурасын қалыптастыруға, технологиялық модельдер бәсекесіне және әлемнің әр өңіріндегі түрлі тәсілдерге арналды. Оған Цинхуа университетінің Жасанды интеллект индустриясын зерттеу институтының негізін қалаушы Яцинь Чжан, Cambrian Futures негізін қалаушы және AI кеңесінің мүшесі Олаф Грот, Mastercard компаниясының атқарушы вице-президенті Иэн Слейтер қатысты. Сессияны Элеанор Олькотт жүргізді.
Инвестициялық күн тәртібі Capital for the AI Era сессиясында талқыланды. Kraken компаниясының тең бас директоры Дэвид Рипли, Revolut компаниясының DS & AI бағытының атқарушы директоры Павел Нестеров, Alma стартапының тең құрылтайшысы Асель Төлеубаева және Presight компаниясының стартаптарды акселерациялау және венчурлік капитал бағытының басшысы Ғазиз Сейілханов жаңа өсу нүктелерін, инвестициялық стратегиялардың өзгеруін және инвестициялық география өзгеріп жатқан кезеңдегі Орталық Еуразияның орнын талқылады. Сессия модераторы Елизавета Осетинская болды.
Бағдарламада адами капиталға да ерекше назар аударылды. Who Will Power the AI Economy? пікірталасына Digital Cooperation Organisation бас хатшысы және AI кеңесінің мүшесі Дима Әл-Яхья, Армения Республикасының жоғары технологиялық өнеркәсіп және жасанды интеллект министрінің орынбасары Татев Асланян, Oxford Insights негізін қалаушы әрі бас директоры, AI кеңесінің мүшесі Ричард Стирлинг және NVIDIA компаниясының Physical AI симуляциясы бойынша вице-президенті Рев Лебаредян қатысты. Сессияны Stanford Graduate School of Education мектебінің бұрынғы деканының орынбасары әрі CTO, AI кеңесінің мүшесі Пол Ким жүргізді. Қатысушылар AI-экономика жағдайында еңбек нарығын қандай құзыреттер айқындайтынын және білім беру, ғылым, мемлекет пен бизнестің технологиялық өзгерістерге қалай жауап беруі керектігін талқылады.
Жасанды интеллекттің генеративті модельдерден кейінгі даму бағыты The Next AI Frontier сессиясында талқыланды. Оған Polynome Group негізін қалаушы әрі бас директоры, AI кеңесінің мүшесі Александр Ханин, Халифа ғылым және технология университетінің профессоры, AI кеңесінің мүшесі Меруан Дебба, 01Edu және 01Talent компанияларының тең құрылтайшысы, AI кеңесінің мүшесі Николя Садирак, сондай-ақ AI және жаһандық трансформация саласындағы PhD, Future Readiness Forum & Xponential Group негізін қалаушы әрі CEO Тарик Курейши қатысты. Сессия модераторы Атакан Варол болды. Пікірталастың негізгі тақырыптары робототехника, Physical AI, автономды жүйелер және интеллектуалды технологияларды дамытудың келесі кезеңі болды.
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық бағдарламасының басқа қатысушылары қатарында E-Space негізін қалаушы, CEO және бас сәулетші Грег Уайлер, Dream компаниясының тең құрылтайшысы әрі президенті Себастьян Курц, Mastercard компаниясының вице-төрағасы және стратегиялық даму жөніндегі президенті Джон Хантсман, Тьюринг сыйлығының лауреаты Джон Хопкрофт, БАӘ-нің жасанды интеллект мәселелері жөніндегі министрі Омар Әл-Олама, Harvard Medical School аға оқытушысы және Verily компаниясының Health Platforms бағытының бұрынғы президенті Вивиан Ли, iFLYTEK төрағасы Лю Цинфэн болды.
Форум бағдарламасы панельдік пікірталастармен ғана шектелген жоқ. AI & Digital Bridge практикалық форматтарды, соның ішінде воркшоптарды, шеберлік сабақтарын, Q&A-сессияларын, технологиялар демонстрацияларын, стартап-питчтерді және инвесторлармен кездесулерді біріктірді. Бұл қатысушыларға жаһандық технологиялық өзгерістерді талқылап қана қоймай, тәжірибелік сараптамамен алмасуға, жаңа шешімдермен танысуға, серіктестер табуға және жаңа кәсіби әрі іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
«Бүгінде Қазақстанның өз AI-экономикасын дамытуға және жаһандық технологиялық аренадағы позициясын нығайтуға қажетті маңызды мүмкіндіктері бар. Бізде есептеу инфрақұрылымы мен дата-орталықтар дамып келеді, мықты технологиялық экожүйе қалыптасуда, талантты әзірлеушілер, зерттеушілер мен стартаптар бар. AI & Digital Bridge форумына халықаралық қатысу осы мүмкіндіктерді жаһандық сараптамамен, капиталмен және жаңа серіктестіктермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Біз форумның рөлін дәл осылай көреміз: Қазақстанның технологиялар мен таланттардың тартылу орталығына айналуына және Еуразиялық AI-хаб ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал ететін алаң. Мемлекет басшысының AI & Digital Bridge форумын Еуразиядағы беделді әрі кеңінен танымал алаң ретінде атап өтуі біз үшін аса жоғары баға және сонымен бірге форумды одан әрі дамытуға қойылған жаңа меже», - деді Digital Bridge CEO-сы Дания Ахметова.
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық бағдарламасы бүгінде жаһандық AI күн тәртібін қалыптастырып отырған мәселелердің кең ауқымын көрсетті. Халықаралық технологиялық көшбасшылардың, инвесторлардың, зерттеушілер мен жаһандық компаниялар өкілдерінің қатысуы әлемдік сараптаманы форумның негізгі міндеттерінің бірімен, яғни Қазақстанның Еуразиялық AI-хаб ретіндегі позициясын нығайтып, елді технологиялар, капитал және таланттардың тартылу орталығына айналдыру міндетімен байланыстыруға мүмкіндік берді.
Креативті индустриялардағы AI: AAIFF-ке 125 елден 8 мыңнан астам өтінім түсті
AI MONTH бағдарламасында жасанды интеллектіні кино, музыка және креативті индустрияларда қолдану тақырыбына ерекше орын берілді. Осы бағыттағы негізгі оқиғалардың бірі жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып кинематографияны дамытуға арналған халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF) болды.
2 қазанда Astana AI Film Festival Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Халықаралық байқауға АҚШ, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Жапония және Франция сияқты елдерді қоса алғанда, 125 мемлекеттен 8 мыңнан астам өтінім түсті.
Креативті индустриялардағы AI тақырыбы AI & Digital Bridge 2026 бағдарламасында да жалғасты. AAIFF – The Future of AI Filmmaking және The Future of Live: музыка, концерттер және AI пікірталастары барысында халықаралық және қазақстандық сарапшылар жасанды интеллектінің кино өндірісін, музыканы, концерт индустриясын және контент жасауды қалай өзгертіп жатқанын, сондай-ақ AI авторлар мен креативті командаларға қандай жаңа құралдар мен мүмкіндіктер ұсынып отырғанын талқылады.
96 стартап, 49 IT-компания және халықаралық павильондар
AI & Digital Bridge 2026 бағдарламасының маңызды бөлігін технологиялық көрме құрады.
Startup Alley алаңында 96 стартап өз әзірлемелерін таныстырды. Тағы 49 IT-компания өз өнімдері мен технологиялық шешімдерін көрсетті. Көрме алаңында 42 жеке стенд жұмыс істеді.
Көрменің халықаралық бағыты Армения, Қытай, Испания, Канада және Өзбекстанның ұлттық павильондарымен ұсынылды.
Технологиялар мен креативті индустриялар тоғысындағы жобалар, робототехника, ойын және VR әзірлемелері, цифрлық өнімдер жасауға арналған AI-құралдармен танысуға мүмкіндік берген Robotics, Art, GameDev және Vibe Coding атты төрт тақырыптық аймақ та келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Көрме технологиялық командалар, компаниялар, инвесторлар, әлеуетті тапсырыс берушілер және халықаралық серіктестер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
Astana Hub Battle байқауы 14 елдің стартаптарын біріктірді
Стартаптар бағдарламасының негізгі оқиғаларының бірі Astana Hub Battle 2026 байқауы болды.
«Astana Hub Battle - форумның ең көп күтілетін шараларының бірі. Байқау жыл сайын түрлі елдерден технологиялық кәсіпкерлерді тартады. 2026 жылы байқауға АҚШ, БАӘ, Түркия, Швейцария, Малайзия және басқа да елдерден 292 өтінім түсті. Бүгінде стартаптар жасанды интеллект, медицина, білім беру, финтех және басқа да бағыттарда бәсекеге қабілетті шешімдер жасап жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жобалар білім экономикасын қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инновациялық идеяларды сұранысқа ие өнімдерге айналдыруға ықпал етеді», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Бірнеше іріктеу кезеңінен кейін 50 стартап жартылай финалға шықты, ал 14 команда өз жобаларын финалда таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Финалдық кезеңге өтінім бергендердің жалпы санының шамамен 5%-ы ғана жетті.
Astana Hub Battle байқауының жалпы жүлде қоры 100 мың долларды құрады. Жеңімпаздар Impact Maker, Market Shaper, Growth Engine және Investor’s Choice атты төрт номинация бойынша анықталды. Әр номинацияда 25 мың доллар көлемінде жүлде қарастырылды.
Жобаларға қосымша қолдауды серіктестер көрсетті. «Қазақтелеком» 25 мың доллар көлемінде GPU-ресурстар бөлсе, Yandex Qazaqstan 10 млн теңге сомасына бұлтты ресурстар ұсынды.
Қатысушылардың жобалары жасанды интеллект, HealthTech, EdTech, FinTech, робототехника, өнеркәсіп, киберқауіпсіздік, логистика, экологиялық мониторинг және бизнес-процестерді автоматтандыру бағыттарын қамтыды.
AI & Digital Bridge Awards жылдың үздік технологиялық жобаларын анықтады
3 қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен AI & Digital Bridge Awards 2026 марапаттау рәсімі өтті.
Биыл марапатқа жеті номинация бойынша 119 өтінім түсті. Іріктеу екі кезеңде жүргізілді. Алдымен өтінімдер белгіленген критерийлер бойынша жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып талданды. Талдау нәтижесінде әр номинация бойынша бес үміткерден тұратын қысқа тізім жасалып, кейін жобаларды сарапшылар алқасы бағалады.
AI & Digital Bridge Awards 2026 жеңімпаздары: GovTech Project of the Year номинациясында eGov.GPT, EdTech Project of the Year номинациясында GoPrep, Startup of the Year номинациясында Rette, Corporate AI Transformation of the Year номинациясында QazCode-тың Aventa AI жобасы, International Breakthrough of the Year номинациясында Higgsfield AI, VC of the Year номинациясында MA7 Ventures және Creative Industry Project of the Year номинациясында ōzen.
Жобалардың артында нақты нәтижелер бар. Қазақстандық HealthTech-стартап Rette АҚШ-та пилоттық жобаларды іске қосып, Mayo Clinic Platform Accelerate бағдарламасына іріктеуден өтті. GoPrep платформасына 139 елден 31 мыңнан астам оқушы қосылды. ōzen музыкалық платформасы арқылы 2 364 әртіс жұмыс істейді, ал 2019-2026 жылдары олар үшін жиналған роялти көлемі 489 млн теңгені құрады.
Халықаралық номинацияның жеңімпазы Higgsfield AI болды. Марапатқа ұсынылған деректерге сәйкес, платформа 238 ел мен аумақта 30 млн-нан астам пайдаланушыға жетіп, шамамен 550 млн доллар инвестиция тартқан.
Марапат нәтижелері Қазақстандағы технологиялық жобалардың даму бағыттарының кең екенін көрсетеді. Олар мемлекеттік қызметтер мен білім беруден бастап медицинаға, корпоративтік AI-шешімдерге, венчурлік нарыққа және креативті экономикаға дейінгі салаларды қамтиды.
61 келісім форумның негізгі практикалық нәтижелерінің біріне айналды
AI & Digital Bridge 2026 ашық бағдарламасының екі күнінде форум алаңында 61 меморандум мен келісімге қол қойылды.
Келісімдер технологиялық және инвестициялық ынтымақтастықты, білім беруді, цифрлық өнімдерді дамытуды және халықаралық әріптестікті қамтыды.
Форум қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов жекелеген табысты шешімдерден технологияларды кең ауқымда енгізуге көшу қажеттігін атап өтті.
«Келесі кезең - тиімділігін көрсеткен технологияларды ауқымды түрде іске асыру, сондай-ақ экономикамызға жаңа технологиялар мен цифрлық стандарттарды енгізу. Бұл үшін мемлекет, ғылым және халықаралық технологиялық компаниялар осы бағытта бірігуі керек. Digital Bridge - іскерлік серіктестер арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін осындай алаң. Биыл 60-тан астам жаңа келісімге қол қойылды», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов.
Осылайша, форум технологиялық күн тәртібін талқылайтын алаң ғана емес, нақты серіктестіктер қалыптастыруға, бірлескен жобаларды іске қосуға және халықаралық іскерлік байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін ортаға айналып отыр.
Форум халықаралық медианың назарында болды
AI & Digital Bridge 2026 жергілікті және халықаралық деңгейде кеңінен ақпараттандырылды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз туры аясында форумға шетелдік БАҚ-тың 17 өкілі келді. Тағы 35 шетелдік медиа өкілі аккредитациядан өтті, олардың 10-ы форум алаңына арнайы келіп, іс-шараны ақпараттық тұрғыда жариялады.
Халықаралық медиапул АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Корея Республикасы, БАӘ, Үндістан және Орталық Азия елдерін қоса алғанда, 20 мемлекеттен 52-ден астам шетелдік БАҚ-ты қамтыды. Бұл Қазақстан мен оның AI-экожүйесінің халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға ықпал етті.
AI & Digital Bridge технологиялық жобаларды дамытуға жағдай қалыптастырады
AI & Digital Bridge 2026 қорытындылары форум айналасында қалыптасып келе жатқан технологиялық экожүйенің ауқымын көрсетеді. Форумға 47 мыңнан астам рет келу тіркелді, күнделікті көрсеткіштердің жиынтығы бойынша 18 мыңнан астам бірегей келуші болды, 429 бірегей спикер, оның ішінде 114 шетелдік спикер қатысты. 106 панельдік сессия өтті, Startup Alley алаңында 96 стартап, 49 IT-компания және 42 жеке стенд жұмыс істеді. Сонымен қатар 61 меморандум мен келісімге қол қойылды.
Сонымен бірге форумның маңызы тек сандық көрсеткіштермен өлшенбейді. AI & Digital Bridge мемлекет пен технологиялық бизнесті, стартаптар мен инвесторларды, әзірлеушілер мен әлеуетті тапсырыс берушілерді, қазақстандық командалар мен халықаралық серіктестерді байланыстырады.
Диалогты нақты жобаларға, инвестициялық байланыстарға, технологиялық шешімдерге және ұзақ мерзімді серіктестікке айналдыру мүмкіндігі форумның негізгі нәтижелерінің бірі болып отыр. Бұл Қазақстанның Еуразиядағы AI-экожүйе орталықтарының бірі ретінде одан әрі дамуына негіз қалыптастырады.
AI & Digital Bridge 2026 1-3 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтті. Форумды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
AI & Digital Bridge 2026 форумын өткізу серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында мүмкін болды. Форумды өткізуге жұмсалған барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылды:
GOLD PARTNERS: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ.
SILVER PARTNER: Halyk Bank.
BUSINESS PARTNER: Beeline Қазақстан.
BRONZE PARTNER: Yandex Qazaqstan.
DIGITAL PARTNERS: BI Group, Mastercard, Tengizchevroil, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, CITIX.
IMPACT PARTNERS: BI Innovations, Playrix Kazakhstan.
SMART PARTNER: Presight AI.
INNOVATION PARTNERS: KAZ Minerals, Банк ЦентрКредит, BCC-HUB, BTS Digital, Verigram, Lync & Co Kazakhstan.
ECOSYSTEM PARTNERS: Construction Management System, Комита Цифровые Технологии, BI Design Tech, Orientier Technologies, Solana.
CONTENT PARTNERS: Binance Kazakhstan, QazBot, inDrive.
SIDE EVENT PARTNERS: Диалог-Софт, DevRock, Movavi KZ, Перфоманс Эксперт, FoodTech Engineering.
HACK ALEM AI PARTNER: Firebird AI KZ.
TELECOM PARTNER: «Freedom Telecom Operations» ЖШС.
TECH PARTNER: «Транстелеком» АҚ.
OFFICIAL AIRLINE PARTNER: Air Astana.
Ұлытау облысында кезекті ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ұлытау облысы бойынша филиалы 1 қазаннан бастап кезекті кесте бойынша Жезқазған қаласының №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейтінін хабарлайды. Өзгертілген мекенжайы: Абай көшесі, 140.
Бұл ретте Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111 мекенжайында орналасқан ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.
Еске сала кетейік, кезекті ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, ал сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Кезекті арнайы ХҚКО-ның мекенжайы өзгеріссіз қалады:
Жезқазған қаласының №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандандырылған секторы: Сәтбаев көшесі, 6. Бөлім дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні — сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін.
1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.
Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.
Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.
Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қазақстандық ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.
1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.
Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.
Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.
Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қазақстандық ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Beeline Қазақстан Starlink Mobile компаниясымен бірлесіп Direct to Cell технологиясы арқылы спутниктік мобильді байланысты іске қосады. Бұл технология жерүсті мобильді байланыс қамту аймағынан тыс жерде үйлесімді смартфон арқылы байланыс қызметтерінің жекелеген түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Starlink Mobile технологиясын енгізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы АҚШ-қа жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды. Сол жылдың қараша айында Министрлік пен Beeline Қазақстан Direct to Cell технологиясын енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, ал желтоқсан айында алғашқы практикалық сынақтар өткізілді.
«2025 жылдың күзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында Қазақстан Starlink Mobile (Direct to Cell) спутниктік байланысын енгізу жөнінде келісімге келді. Бүгінде сол келісімнің нақты іске асып жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан Орталық Азияда Direct to Cell технологиясы практикалық сынақтан өткізіліп, енді пайдаланушыларға арналған қызмет ретінде іске қосылған алғашқы ел болды. Біз үшін озық технологиялардың халықаралық келісімдердің бір бөлігі болып қана қоймай, Қазақстанда нақты қолданысқа еніп, адамдарға пайда әкеле бастағаны маңызды», - деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Технология арнайы спутниктік телефонды, сыртқы антеннаны немесе қосымша жабдықты қажет етпей, үйлесімді смартфонды Starlink Mobile (Direct to Cell) спутниктеріне тікелей қосуға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға жерүсті мобильді желісі мүлдем жоқ аймақтарда хабарламалар жіберу және қабылдау, сондай-ақ базалық интернет-сервистерді пайдалану мүмкіндігі беріледі. Beeline Қазақстан клиенттері үшін промо-кезеңде қызмет тегін ұсынылады.
Спутниктік байланыс жерүсті мобильді инфрақұрылымын толықтырып, шалғай аудандарда, қала сыртындағы трассаларда және таулы жерлерде байланыс мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қосылу жерүсті байланысы болмаған жағдайда және спутникпен байланыс орнатуға қажетті жағдайлар болған кезде мүмкін болады.
Қазақстанның аумағы кең екенін ескерсек, спутниктік мобильді байланысты дамыту ерекше маңызға ие. Технология шалғай және жетуі қиын жерлерден хабарлама жіберуге, сондай-ақ жерүсті инфрақұрылымы зақымданған жағдайда байланыста болуға қосымша мүмкіндік береді. Бұл қызмет туристерге, шалғай елді мекендердің тұрғындарына, жол және коммуналдық қызметтердің қызметкерлеріне, елді мекендерден тыс жерде жұмыс істейтін мамандарға пайдалы болуы мүмкін.
«Beeline Қазақстанда жиырма жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде біз байланыс пен жаңа технологияларды дамытуға тұрақты түрде инвестиция салып келеміз. Қазақстан аумағы бойынша әлемдегі ең ірі елдердің бірі, ал қашықтық адамдардың заманауи технологияларға қол жеткізуіне кедергі болмауы тиіс. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту - елдің бәсекеге қабілеттілігі мен өмір сүру сапасына салынатын ұзақ мерзімді инвестиция», - деді қазақстандық кәсіпкер, «Верный Капитал» тобының инвесторы Болат Өтемұратов.
«Спутниктік мобильді байланысты іске қосу - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, Beeline Қазақстан командасының және Starlink мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесі. Beeline Қазақстанда бұл технологияны алғаш болып іске қосып отыр. Ол мобильді байланыстың мүмкіндіктерін қолданыстағы қамту аймағынан тыс кеңейтуге мүмкіндік береді. Ұзақ әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі енді қазақстандықтардың күнделікті пайдалануына қолжетімді. Біз бұрын байланыста болу мүмкін болмаған жерлерде де байланыста қалуға мүмкіндік беретін қарапайым әрі жаңа байланыс деңгейін ұсынамыз», - деді Beeline Қазақстан компаниясының CEO-сы Джаббор Каюмов.
Жоба Министрлік, Beeline Қазақстан және Starlink компанияларының бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылуда. Ынтымақтастықтың тағы бір негізі - Beeline Қазақстанның бақылау пакетін иеленетін VEON тобы мен Starlink арасындағы жаһандық негіздемелік келісім.
Технологияны қалай пайдалануға болады
Қазіргі кезеңде қызметке Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін үйлесімді құрылғылар арқылы қосылуға болады. Алдағы уақытта басқа операциялық жүйелерді қолдауды кеңейту жоспарланып отыр.
Қызметті пайдалану үшін Janymda қосымшасын соңғы нұсқасына дейін жаңартып, қосымшада Starlink қызметін іске қосу және телефон баптауларынан деректер роумингін қосу қажет. Жерүсті байланысы болмаған жағдайда спутниктік желіні қолмен таңдауға болады: Beeline Starlink. Кей жағдайда ол 401 04 ретінде көрсетілуі мүмкін.
Шымкентте мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға және цифрлық сервистерді пайдалануға арналған еліміздегі бесінші жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды. Кеңістік мемлекеттік қызметтерді пайдаланудың қолайлылығы мен қолжетімділігіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып жасақталған.
AI-кеңседе жедел қызмет көрсету, цифрлық, сараптамалық және оқыту аймақтарымен қоса демалуға арналған арнайы орын қарастырылған. Кеңсе моноблоктармен, жоғары жылдамдықты сканерлермен және eGov GPT сервисі орнатылған ақпараттық экрандармен жабдықталған.
Жаңа кеңсенің басты жаңашылдықтарының бірі - құжаттандыру терминалы. Оның көмегімен азаматтар жеке куәлік немесе паспортты өз бетінше бірнеше минуттың ішінде рәсімдей алады.
«Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру - күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Біз Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттер аясында қызметтерді автоматтандырып, азаматтарға барынша қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасауға басымдық беріп келеміз. AI-кеңселер - осы бағыттағы нақты қадам», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Мұнда цифрлық сервистермен қатар, азаматтар цифрлық дағдыларын жетілдіріп, электрондық сервистерді пайдалануды тегін үйретуге арналған арнайы оқыту аймақтары да қарастырылған.
Бұған дейін осындай AI-кеңселер Астана қаласында, сондай-ақ Түркістан және Ұлытау облыстарында ашылған болатын. Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта заманауи цифрлық кеңселер желісін еліміздің басқа өңірлерінде де дамытуды жоспарлап отыр.
Сәбидің дүниеге келуі - кез-келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген.
Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі болғандықтан, жәрдемақы рәсімдеу үшін ХҚКО-ға арнайы бару міндетті емес. Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-ананың біріне SMS-хабарлама жолданады. Жәрдемақы алуға келісімін растап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.
Рәсімделген төлемдердің басым бөлігі оңтүстік өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі. Мемлекеттік қолдауға ие болғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 28 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған. Екінші орында 19 мыңнан астам төлем рәсімделген Алматы қаласы тұр. Ал үздік үштікті 17 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған Астана қаласы түйіндейді.
Мемлекеттен берілетін біржолғы қаржылай көмек мөлшері нәрестенің дүниеге келген кезегіне байланысты. 2026 жылы бірінші, екінші немесе үшінші бала дүниеге келгенде 164 350 теңге берілсе, одан кейін туған балаларға берілетін жәрдемақы құны 272 475 теңгені құрайды.
Ата-аналар құжаттарды бала туған күннен бастап 18 ай ішінде рәсімдеуі маңызды. Себебі аталған мерзім өткеннен кейін, жәрдемақы алу құқығы жойылады.
Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 7 жұмыс күні ішінде, ал электронды үкімет порталы мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы 4 жұмыс күні ішінде рәсімдеуге болады.