
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 20 ақпанындағы №844 жарлығына сәйкес Сәтбаев қалалық сотының судьясы лауазымына Әбдібекова Әсел Мыңбайқызы тағайындалды.
Ә.Әбдібекова 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Білімі жоғары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі. Еңбек жолын Алматы қаласының Медеу аудандық сотында бас маман болып бастап, сот отырысының хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды.
Қалалық соттағы жиында сот төрағасы Ерлан Сексенов Әсел Мыңбайқызын таныстырып, өз ісін жетік меңгерген, тәжірибесі мол, білімі мен білігі биік маман екендігін атап айтты. Жаңа судьяны құттықтаған әріптестері алдағы еңбегіне табыс тіледі.
Мира ШАХАТ.
Сурет автордікі.