Бүгін Жезқазған-Ұлытау өңіріне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров қаламызда келді. Сенатор қала әкімі Асқар Ыдырысовпен бірге прокуратураға, әлеуметтік-өндірістік колледжге және Есқұла су тартқышын салу және қайта жаңғырту нысанында болды. Содан кейін әкімдіктің кіші мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Рысқали Қалиақбарұлы халық қалаулыларына елдегі қазіргі қоғамдық-саяси жағдай туралы айтып, депутаттарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге қатысқан қала басшысы осы жылға арналған жоспарларды қысқаша айта отырып, Сәтбаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратымен бөлісті.