Хаттама №1
Сәтбаев қаласының еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша
және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия
Сәтбаев қаласының әкімдігі 2022 ж. 03 ақпан
Сағат 17.00
Төрағалық етуші – Ыдырысов А.А., Сәтбаев қаласының әкімі, комиссия төрағасы.
Қатысқандар: комиссия мүшелері және шақырылғандар (тізім бойынша).
Сәтбаев қаласының кәсіпорындарының еңбек ұжымдарындағы ағымдағы жағдай туралы, оның ішінде жұмыскерлердің жалақысын көтеру және басқа да талаптары туралы
____________________________________________________________________
«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының м.а. (А.Қ.Құрақбай), Жезқазған аймағы бойынша "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС әлеуметтік-еңбек қатынастары басқармасы еңбек қатынастары бөлімі бастығы (Т.Б.Ерназаров), Тау-кен-металлургия кәсіпорындары және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы Жезқазған кәсіподақ ұйымының төрағасы (А.С.Төлепбергенов), Жезқазған аймағы бойынша «Достойный труд» таукен, көмір және металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы (Қ.С.Мұрзатов), «TrancoExpress» ЖШС–ның Сәтбаев қаласындағы филиалы ПАТП директоры (Д.Б. Тәжі), «Башқұрт шахтаны ұңғылау басқармасы» КЕАҚ ҚР филиалының директорының орынбасары (С.И. Смирнов), «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС-нің директоры (Е.А. Токимбаев)
Сұрақты талқылау нәтижесінде, Сәтбаев қаласының еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының мүшелері ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
– қаланың еңбек ұжымдарындағы қоғамдық-әлеуметтік ахуалға және моральдық-психологиялық ахуалға мониторингті жалғастырсын;
– қала кәсіпорындарындағы еңбек ұжымдарымен қойылған талаптар бойынша, соның ішінде жалақыны уақытылы төлеу мәселелері тұрақты бақылауда ұсталсын.
– үшжақты комиссиялардың отырыстарында қала кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының жай-күйі туралы ахуалы, сондай-ақ ұжымдық шарттардың орындалу барысы тұрақты түрде қаралсын.
– ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы мәселелер тұрақты бақылауда ұсталсын және заңсыз ереуілдерді, жиналыстарды, наразылық акцияларын өткізуге жол бермеу бойынша алдын алу шаралары қабылдансын;
– еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша, жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау бойынша еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулер өткізілсін;
– 2022 жылғы қаңтар айының басында ұсынылған жұмыскерлердің барлық талаптарын жүз пайыз орындау мүмкіндігі қарастырылсын;
– кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп еңбек жанжалдары туындаған жағдайлардағы іс-қимыл алгоритміне талдау жасалсын және бекітілсін.
– "Kazakhmys Maintenance Services" ЖШС-не вендерлік ұйымдардан ауыстыру кезінде "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС экономикалық қауіпсіздік Департаментінің тексеруінен өтпеген жұмыскерлерді (жұмыста елеусіз бұзушылықтары бар) жұмысқа орналастыру мәселесі қаралсын;
– кәсіпорынның ұжымдық шартына жұмыскерлердің санаторий-курорттық емдеуі және жұмыскерлерді емдеуге арналған соманы 400,0 мың теңгеге дейін ұлғайту, осы соманы отбасы мүшелерін емдеу үшін пайдалануға рұқсат беру туралы талаптары бөлігінде өзгерістер енгізілсін;
– кәсіпорындардың жұмыскерлерінің талаптарының (есеп айырысулары мен тетіктері) орындалғаны туралы жазбаша растау 2022 жылдың 31 наурызына дейін ұсынылсын.
– 2022 жылға арналған жалақыны арттыру мөлшерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес барлық аударымдарды ескере отырып, жұмыскерлерге берілетін табуляграммада (түбіртекте) жалақы туралы толық мәліметтер көрсетілсін;
– кәсіпорынның ИТЖ қатарына жергілікті мамандар тартылсын;
– кәсіпорын жұмыскерлерімен Ұжымдық шарт 2022 жылдың 31 наурызына дейін жасалсын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу жүргізілсін.
– еңбек ұжымдары арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілсін;
– кәсіпорын басшыларымен өзара әрекеттесу, қала кәсіпорындарының басшылығына жұмыскерлердің мүдделері мен талаптары уақытылы және тұрақты негізде жеткізілсін.
Комиссия төрағасы,
Сәтбаев қаласының әкімі А. Ыдырысов