Меню

Страницы

Статья

Бүкіләлемдік сайлау күніне орай

«Бүкіләлемдік сайлау күні» облыстық акция аясында Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының бастамасы бойынша Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясында ашық есік күні дискуссиялық клуб отырысы форматында  жастармен кездесу өтті.

Іс – шара алдында қалалық сайлау комиссиясында Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов болды. Қала  басшысы  қатысушылармен  әңгімелесу кезінде жаңа Қазақстанды құру- еліміздің барлық азаматтарының міндеті екендігіне баса назар аударды.

         Колледж  және  орта мектептің жоғары сынып оқушыларын  осы шараларды ұйымдастырушы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А.Геймбух  пен комиссия хатшысы  М.П. Есмурзаева  стендтерде орналасқан материалдарға сүйене отырып , брифинг өткізу  кезеңінде    Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының жұмысымен  және Қазақстан Республикасының сайлау жүйесімен таныстырды.

Сұрақ-жауап түріндегі  клуб мүшелерімен диалог Сәтбаев қаласының сайлау органдарының  өкілдері: № 293 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Б.М.Сейтжапбаров пен № 300 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Д.А.Оспановтың қатысуымен өтті.

Ақпарат- минут кезінде болашақ сайлаушылар сайлау заңдылықтарының бірқатар маңызды  мәліметтермен  танысты.

Кездесу соңында  «ҚР Президентін сайлау ерекшеліктері» атты  тематикалық ойын өтті.

 

Сәтбаев қаласының жоғары сынып оқушылары мен колледж   оқушыларына арналған  акция өткізу кезінде  №15, №25 мектептерінде, Абай атындағы №4 мектеп- лицейінде, «Сәтбаев индустриалдық  колледжі» КММ-де   ақпараттық сағаттар, сабақ-лекциялар  өтті.

 

Аталған іс-шараға №287 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы  М.Ә. Жауен, № 298 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы

Г.А. Жаппасова, № 301 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы А.Т.Тлемисова  қатысты. Жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын қалалық сайлау комиссиясының қызметкерлері ұйымдастырды. 

Кездесу  барысында сайлау ұйымдастырудағы демократиялық стандарттар, сайлау құқықтарының принциптері мен негіздері, Қазақстан Республикасында сайлау өткізу процедуралары   туралы сұрақтар  қозғалды.

№ 25 жалпы орта білім  беретін мектептегі сабақ- лекциясы

Сәтбаев индустриалдық колледжінде ақпараттық  сағат

 

Дата публикации
08 февраля 2022
Дата обновления
08 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
19 октября 2026
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы