Меню

Страницы

Статья

Шағын бизнестің дамуына «Даму» Қорынан қолдауды қалай алуға болады?

   Егер сіз микро-, шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылсаңыз, және де бизнес-жобағыздың іске асырылуына 20 млн.тг. дейін несие қажет болса, «Бизнестің жол картасы - 2025» (1- бағыты) бағдарламасы аясында Қордың қолдауымен пайдаланыңыз.

   Бағдарламаның 1-ші бағыты бизнеске алналған несие жылдық 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен (субсидияны ескере отырып) және жеке кепілзат жетіспеген жағдайда «Даму» қорының кепілдігімен алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның біршама артықшылықтары бар:

✔️ Бизнес үшін салалық шектеулерсіз

✔️ Қордың өтінімді қысқа мерзімде қарастыруы

✔️ Қорға ЕДБ/МҚҰ тапсыратын құжаттар санының қысқаруы

 Бағдарламаның субсидиялау шарттары:

 Максималды сома:

 инвестицияларға - 20 млн. тенгеге дейін

 айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. тенгеге дейін

 Сыйақы мөлшерлемесі - 6%, субсидияны ескере отырып

 Субсидиялау мерзімі:

 инвестицияларға - 3 жыл

 айналым қаражатын толықтыруға - 2 жыл

   Бағдарламаның кепілдендіру шарттары:

Максималды сома:

 инвестицияларға - 20 млн. тенгеге дейін

 айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. тенгеге дейін

 Кепілдік көлемі: несие сомасының 85% -ы

 Мерзімі: несие мерзімінен аспайды

    «Бизнестің жол картасы - 2025» (1- бағыты) бағдарламасы аясында субсидия/кепілдік алу схемасын қарастырайық:

    Портфельдік субсидияларды/кепілдіктерді алу үшін кәсіпкер алдымен қаржыландыру туралы өтінішімен ЕДБ/МҚҰ жүгінеді. ЕДБ/МҚҰ жағынан жобаның кешенді сараптамасынан кейін егер несие бойынша оң шешім қабылданған жағдайда, қаржы институты «Даму» қорына қабылданған шешімдері туралы несие шартының көшірмесі мен хабарлама-хат жібереді. Осыдан кейін Қор кепілдік міндеттемесін ұсынғаннан соң Қор, банк және кәсіпкер арасында үшжақты субсидиялау шарты жасалады.

   Бағдарламаның шарттары туралы мәліметті Қордың сайтында таныса аласыздар https://damu.kz/programmi/

 Қосымша ақпаратты алу үшін 1408 колл-центр арқылы байланысыңыз

 «Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз - сіздің дамуыңыз!

АҚПАРАТ КӨЗІ: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры " АҚ аймақтық филиалы" Қарағанды облысы бойынша, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29, тел.: +7 (7212) 559-020 (іш. 3580), Моб.: 8 707 571 10 55

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары
Ақпарат
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы