Меню

Страницы

Статья

"БЖК 2025" бойынша микронесиеге өзгерістер енгізілді

"Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді.   Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары болып шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері табылады.

Несиелендіру, салалық шектеуі жоқ инвестициядвқ мақсатқа және қаражат айналымын толықтыруға арналған несие/микронесие/қаржыландыру бойынша іске асырылады.

Несиенің максимал сомасы айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі екі жылға дейін, сонымен қоса несие жаңартылатын не/немесе жаңартылмайтын негізде ұсынылады. Инвестициялық мақсатта қарвздың шекті сомасы - 20 миллион теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі үш жылға дейін. Бір қарыз алушыға шекті сома 20 млн. теңгені құрайды. "Даму" қорының кепілдік мөлшері - қарыз сомасының 85% дейін.

Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен құрылған сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5% ұлғайтылған, кәсіпкерге несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Қосымша, сыйақы мөлшерлемесін портфельдік субсидиялау "Бизнес Бастау" жобасының түлектерінің микронесиелендіру бойынша іске асырылады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек «мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы #746 қаулысында көзделген, атаулы сыйақы ставкасымен жылдық 20% -дан аспайды, оның 6% кәсіпкер төлейді, ал айырмашылықты мемлекет субсидиялайды.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдеме номиналды сыйақы ставкасы жылдық 28% -дан аспайтын МҚҰ микрокредиттері үшін жүзеге асырылады, оның 50% -ы мемлекетке төленеді. Микрокредиттерге субсидияланған сыйақы ставкасы Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның артықшылығы - қаржыландыру туралы шешім тек банк деңгейінде қабылданады. Бұл тәсіл несие алуға өтінімді қарау уақытының айтарлықтай қысқаруына әкеледі.

👉  Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша:

-"Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29, тел.: +7 (7212) 559-020 (іш. 3580), Моб.: 8 707 571 10 55;

-Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, мекен-жайы "Open akimat" (әкімдік ғимараты артқы жағынан), Байланыс телефондары: 8 71063 3 44 18, 8 71063 38688;

-"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының Сәтбаев қаласындағы филиалы Сатпаев даңғылы 104 (Банк Центр Кредит) Мекен-жайы бойынша орналасқан 2 қабат 209 кабинет, байланыс телефоны 8 708 420 10 07.

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары
Ақпарат
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы