Ағымдағы жылдың 1 мамырына Сәтбаев қаласы бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 3019 бірлікті (оның ішінде заңды тұлғалар – 331 бірлік, жеке тұлғалар-2688 бірлік) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,1% (2819 бірлік) құрады.
Жұмыс істеп тұрғандардың үлесі– 93,3% (2020 жылы – 93,2%), сандық арақатынаста өсу 2020 жылдың ұқсас кезеңіне (2630 бірлік) 7,1% - ға (2817 бірлік) құрайды.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ құрылымында ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде ең көп үлес жеке кәсіпкерлерге тиесілі 87,7% - 2472 бірлік, заңды тұлғаларға - 282 бірлік (10%), шаруа және фермер қожалықтарына-63 бірлік (2%).
Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 5234 адамды құрайды (1.01.2021 ж.жағдай бойынша), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3.1% - ға өсті (5079 адам).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім (жұмыс және қызмет) өндіру көлемі 11388 млн.теңгені (1.01.2021 жылға) немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 68.2% (16 700 млн. теңге) құрады. НКИ – 65.4%
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында есепті кезеңде 54 кәсіпкердің жобалары қолдау тапты.
Бағдарламаның бағыттары мен қолдау тетіктері бөлінісінде жобалар саны – 93 бірлікті құрайды, оның ішінде:
- субсидиялау-49 жоба (инвестициялар-9, АҚТ – 40);
- кепілдендіру-44 жоба (инвестициялар-4, ПОС-40);
Жобалардың жалпы құны 252 млн.735 мың теңгені құрайды, оның ішінде 246 млн. 526 мың теңге – қарыз қаражаты, 15 жұмыс орнын құру көзделген. Жобалар бойынша «Даму» Қоры кепілдігінің жалпы мөлшері 172 млн.747 мың теңгені құрайды.
ШОБ субъектілерін ақпараттық қолдау шеңберінде, мемлекеттік бағдарламалардың қаржы құралдарын түсіндіру бойынша (БЖК 2025, қарапайым заттар экономикасы, «еңбек») «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ – @o_pred_selhoz_satpaev Instagram - аккаунты арқылы тікелей эфирлер өткізіледі.
Әлеуметтік желілерде тұрақты негізде ақпараттық Жарияланымдар, мақалалар және инфографикалар орналастырылады.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Даму» Қорының қолдауымен кәсіпкерлер үшін «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қарыз қаражатын алуға өтінім берудің онлайн форматы іске қосылды.
«Еңбек» жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру шеңберінде кемінде 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы бағдарлама бойынша қаржыландыру.
200 АЕК бойынша гранттық қаржыландыруға 2021 жылы 29 млн.170 мың теңгеге 40 грант жоспарланған (Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығының мәліметтері бойынша).
«Бастау» жобасы бойынша 2021 жылға кемінде 100 адамды оқыту жоспарлануда (Қарағанды облысы ӨКП Сәтбаев қаласы филиалының деректері бойынша).