«Сәтбаев қаласының тұрғын
үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) туралы қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 195 бұйрығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 06 қаңтардағы «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы Сәтбаев қалалық мәслихатының 79 сессиясының шешімін жүзеге асыру туралы» Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 06 қаңтардағы №01/01 қаулысы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
492 001 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» (қосымша 1);
492 002 «Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру» (қосымша 2);
492 011 «Шағын қалаларды жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету» (қосымша 3);
492 012 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» (қосымша 4);
492 013 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» (қосымша 5);
492 014 «Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту» (қосымша 6);
492 015 «Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» (қосымша 7);
492 016 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» (қосымша 8);
492 017 «Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу» (қосымша 9);
492 018 «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» (қосымша 10);
492 021 «Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» (қосымша 11);
492 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» (қосымша 12);
492 037 «Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау» (қосымша 13);
492 045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» (қосымша 14);
Бөлім басшысы Н.Кенжегулов
«Келісілді»
«Сәтбаев қаласының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы
______________________Әубәкір Ш.М.
(қолы, аты-жөні)
«__» _________ 2020__ жыл.
мөр орны