Меню

Страницы

Статья

2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 11 133 432 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 268 400 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 32 700 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 22 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 7 810 332 мың теңге;

2) шығындар – 11 133 432 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – алу 30 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 000 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 30 000 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – алу 30 000 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 30 000 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2019 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
  1. жеке табыс салығы бойынша:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын – 100 пайыз;

  1. әлеуметтік салық бойынша – 100 пайыз.
  1. 2019 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:

1) республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 3 008 369 мың теңге сомасында;

2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 108 704 мың теңге сомасында;

3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 610 762 мың теңге сомасында.

  1. 2019 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 4 082 497 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. Жергілікті атқарушы органның 2019 жылға арналған резерві 50 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2019 жылға арналған бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы В. Цой

Қалалық

мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

Дата публикации
03 февраля 2021
Дата обновления
03 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары
Ақпарат
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы