«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының партиялық тізіміне енген Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы
2020 жылдың 29 желтоқсанында Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8) тармақшасына, 31-бабына сәйкес Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының партиялық тізіміне енген Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген 25 адамды тіркеді.