Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!
2021 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАР


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы


Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған және белсенді сайлау
құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіз
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының
депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар.


Сіздің сайлаушылар тізімдерінде болуыңыз сайлауға қатысуға
конституциялық құқығыңыздың іске асырылуының кепілі болып табылады.
Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар жасайды.
Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз
бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып
табылады.

Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат
құралдарында 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады.
Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті
атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.


Егер Сізге 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін сайлау күні тіркелген
жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіз
болмайтыны белгілі болған жағдайда, Сіз баратын жеріңіздегі әкімдікке
Сізді сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен
жүгінуге құқылысыз.


Егер Сіз тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз
және тұрғылықты жеріңіз бойынша уақытша тіркелген болсаңыз, Сіз
2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні өзіңіз дауыс беретін
сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен
Сіз өзіңіз уақытша болатын жердегі әкімдікке жүгінуге құқылысыз.


Құрметті сайлаушы! Құқықтық сауаттылық танытыңыз және өзіңіздің
сайлау құқығыңызды іске асырыңыз! Өзіңізді сайлаушылар тізімдеріне
енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз
қажет.


2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Сізге өз сайлау учаскеңіздегі
сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі
беріледі.

Дата публикации
24 ноября 2020
Дата обновления
24 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары
Ақпарат
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы