Сәтбаев қаласының білім беру жүйесін 15 бала бақша, 13 мектеп, 3 қосымша білім беру мекемелері құрайды.
Білім беру мен тәрбие беру үрдісі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, 2020-2025 жылдардағы білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі білім бөлімі қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Қалада 23 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде 14 мемлекеттік балабақша, 1 жекеменшік балабақша және 8 шағын орталық жұмыс істейді. Балабақшалар мен шағын орталықтарда 3031 бүлдіршін қамтылған. 3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту 100% құрайды.
Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың кезектілігі 2000 адамды құрайды.
1 қыркүйекте 1-11 сынып оқушыларының жалпы саны – 11648 бала (2019 ж. - 11 261).
2019-2020 оқу жылында білім сапа көрсеткіші 61,5% көрсетті. 2020 жылы 346 оқушы 11 сыныпты бітірді, олардың 271-і ҰБТ-ға қатысып, 78,3 % құрады. «Алтын белгі» төсбелгісіне барлық 28 үміткер өз білімін дәлелдесе, 24 түлек үздік аттестатқа ие болды.
Жыл сайын білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі ұлғаюда және 2020 жылы бұл 7636917,0 мың теңгені құрады.
Ақпараттандыру.
Барлық мектептер кең жолақты интернетпен қамтылған, жылдамдығы 8 Мбит/с дейін. Сәтбаев қаласының жалпы білім беретін мектептері 100% «Білім ал» автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бұл басқару жүйесі «электрондық журнал» жобасы, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, білім беру ұйымдарының әкімшілігіне оқу процесіне байланысты есептер мен ақпараттарды пайдалануға үлкен ықпалын тигізуде.
Компьютерлер саны 3781. 1 компьютерге келетін бала саны - 3,5 құрайды (облыс көрсеткіші -5), есептен шығарылатын компьютер саны -496 немесе 23,4%.
Бүгінгі күні қала мектептері 100% жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталған.
Үштілділік білім беру.
Сәтбаев қаласының білім бөлімінде үштілділік білім беруді еңгізу бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр. 13 мектепте физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізілуде. Барлығы арнайы курстан өткен 63 мұғалім сабақ береді.
Жаңа оқу жылына дайындықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі - кадрлармен қамтамасыз ету. Сәтбаев қаласының білім беру мекемелерінде барлығы – 904 педагог жұмыс істейді. Олардың 158-і жоғары және бірінші санатты мұғалімдер. Жаңа форматта аттестациядан өткен зерттеуші мұғалім-143 (15,8%), педагог сарапшы-171 (18,9%). Санаты бойынша сапалық құрамы 55 пайызды құрап, қалыпты деңгейді көрсетіп отыр. Орыс тілді мектептерде бастауыш сынып мұғалімдеріне қажеттілік бар.
Педагог кадрларды марапаттау мақсатында 2020 жылы «Жыл мұғалімі» қала әкімінің сыйақысына 1 млн.700 мың.тг. бөлінді.
2020-2021 оқу жылында қала мектептеріне - 34 жас маман келді, олардың ішінде 7 маман үздік дипломмен.
Білім беруді үнемі жетілдіру принципі, білім беру сапа менеджменті жүйесінің бірден – бір принципі болып табылады. 2020 жылы қаламыздағы білім беру мекемелері басшыларының 85% білім беру менеджмент сұрақтары бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Жаңа форматтағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» деңгейлік курсынан 8 басшы өткен, бұл жалпы көрсеткіштің үлесі – 62% .
Балалардың құқықтарын қорғау.
Сәтбаев қаласының білім бөлімі қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыра отырып, заңнамада белгіленген тәртіпте балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу бойынша қызметті ұйымдастырады, балаларды орналастыру нысандарын тандауды және асырап–бағу, тәрбиелеу және білім алу жағдайларына кейінгі бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
2020 жылы Сәтбаев қаласы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған 107 бала есепке алынған, олардың барлығы отбасына қамқорлыққа алынып, тәрбиеленуде.
Тәрбие жұмысы.
Сәтбаев қаласының білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» негізінде 8 бағыт бойынша тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау: баланың тәрбиеге, білім алуға және жан-жақты дамуға құқықтарын іске асыру, тілді, мәдениетті, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, хабардар болу, денсаулықты нығайту.
Өскелең ұрпақпен жүргізілетін тәрбие жұмысының тұтас жүйесінің негізін қалаушы сәттерінің бірі - оқушыларды патриоттық тәрбиелеу. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікке, өз халқының тарихын, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін білуге және құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру шеңберінде білім беру ұйымдарында «Саналы ұрпақ», «Парасатты азамат», «Адал ұрпақ», он үш «Әскери-патриотттық» клубтары, бір «Жас сарбаз» кадет сыныбы жұмыс жасайды. Барлық білім беру мекемелері Осы бағытта атқарылған ісшаралар биылғы жылғы еліміздегі маңызды оқиғалар қатарын яғни, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына 317 іс-шара, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына 37 ісшара, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арнаған 127 ісшара өтті.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Әдістемелік кеңесі ұсынысы негізінде мектептерді қайта атау және білім беру ұйымдарына аса көрнекті мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлерінің есімдерін беру бағытында №1 мектеп - гимназиясына Б. Момышұлы, №19 мектеп-лицейіне Ы.Алтынсарин және №9 жалпы орта білім беретін мектебіне Қ.Сәтбаев есімін беру мақсатында жұмыс алгоритмі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
«Өлкетану» бағыты бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің георафиясы» арнайы жобасы шеңберінде жас зерттеушілердің арасында өлкеміздің мәдени-тарихи құндылықтарын зерттеу және насихаттау мақсатында Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейіне және Жезқазған қаласының тарихи-археологиялық мұражайына, Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайға, Теректі әулие, Ұлытау аймағында орналасқан Алашахан, Жошыхан, Басқамыр, Домбауыл тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Каникул кезінде С.Сейфуллин атындағы гимназияның жас зерттеушілері Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин мұражайы мен Қарағанды облысының Долинка елді-мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейіне экскурсия жасады. Аталған ісшара алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Өнегелі өмір» жобасы аясында туған жерімізге еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерімен, спортшылар, өнер қайраткерлерімен, жалпы ел жанашырларымен кездесіп, жас ұрпақпен өнегелі әңгіме жүргізіп, салиқалы оймен бөлісу, жас буынды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 8 онлайн кездесу өтті. Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, айтыскер ақын -Аманжол Әлтаймен, Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері, «Халық алғысы» мерекелік медалінің иегері -Қыдырәлі Болмановпен, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының және « Бірлік», «Шапағат» алтын медалінің иегері, ҚР Білім меценаты - Алтынбеков Бекзат Қомарұлымен кездесулер өтті.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру мақсатында «Болашаққа жолдама» облыстық жобасын іске асыру қалалық «Менің таңдауым» («Мой выбор») атты жобасы арқылы жүргізілуде . 2019 жылы Тәуелсізідік мерекесі қарсаңында Сәтбаев қаласында «KASIP» кәсіби бағдар беру орталығы ашылды. Қала мектептерінің 7-11 сынып оқушыларына кәсіптік диагностикалау мақсатында «KASIP TEST» алғашқы тестілеу жұмыстары жүргізілді. Бұндай диагностика әр оқу жылына 2 мәрте өту жоспарланған.
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің, Жезқазған политехникалық колледжі, Сәтбаев қаласының Технологиялық колледжі және «Денсаулық» медициналық колледждерінің мамандарымен кездесіп, қаланың өндіріс орындарына экскурсия жасалады. Каникул кезінде Сәтбаев қаласының Индустриалдық колледжінде 9-сынып оқушыларының қатысуымен кәсіби сынама жұмыстары ұйымдастырылды.
Қосымша білім беру.
Қалада 3 қосымша білім беру ұйымдары бар. Бұл білім беру ұйымдарында балаларды мектептен тыс тәрбиелеу және оқыту бойынша мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз ету жүзеге асырылады. 2020-2021 оқу жылында қосымша білім бермен 5248 оқушы қамтылған.
Инклюзивтік білім беру.
2020-2025жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде инклюзивті білім беру қала мектептері мен балабақшаларда іске асырылады.
Инклюзивті білім беруді дамыту және іске асыруда стажерлық алаңдар №№7,25 мектептерде және 10 магниттік мектептер жұмыс істейді.
Сәтбаев қаласында 15 балабақша бар. Оның 14-і мемлекеттік, 1-і «Айбол» жекеменшік балабақша.
№23 «Айналайын» бөбекжай балабақшасы және №25 мектеп республикалық пилоттық «Инклюзивті - балабақша, инклюзивті -мектеп-инклюзивті колледж» жобасына енгізілді.
Білім бөлімінің 14.10.2020 жылғы «Стажерлық алаңдарға магниттік мектептер мен балабақшаларды бекіту туралы» №221 бұйрығына сәйкес №23 «Айналайын» балабақшасына №№1,№5,№10,№22,26,29,33 бөбекжай балабақшалары магниттік балабақша болып бекітілді.
6 балабақшада логопункт жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап №22 «Құлыншақ» бөбекжай балабақшасында логопункт ашылды.
Күрделі шығындар.
Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету білім бөлімінің бақылауында және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Қаланың даму жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы бекітілген ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен келесі білім беру объектілерінде жалпы сомасы 1 114 143,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- 369 млн. 600 мың тенге сомасында «Құрылыс» ЖК Молдашев Е. "№29 Балдәурен бөбекжай балабақша" КМҚК күрделі жөңдеу жұмыстары;
- 321 117,0 мың тенге сомасында «Самға» ЖШС "№31 Балапан бөбекжай балабақша" КМҚК күрделі жөңдеу жұмыстары;
-286584 мың тенге сомасында «KZ Центр» ЖШС "№26 Қарлығаш бөбекжай балабақша" КМҚК күрделі жөңдеу жұмыстары;
- 32 021,0 мың тенге сомасында «Жаңа құрылыс 2012» ЖШС «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағымдағы жөндеу жұмыстары (қасбет жөндеу жұмысы);
- 18 581,0 мың тенге сомасында «Жаңа құрылыс 2012» ЖШС «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағымдағы жөндеу жұмыстары (қасбет жөндеу жұмысы);
- 56 000,0 мың тенге сомасында «Құрылыс» ЖК Молдашев Е. «№15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ағымдағы жөндеу жұмыстары;
- 30240,00 мың тенге сомасында «Астана Премимум Строй» ЖШС «№ 19 мектеп – лицей» КММ ағымдағы жөндеу жұмыстары (қасбет, ағынды су жөндеу жұмыстары).
Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету көрсеткішін орындау мақсатында 2020 жылы 35 млн.теңге сомасына 175 бірлік моноблок сатып алынды.
Жалпы білім беретін мектептердің материалдық базасын одан әрі жақсарту үшін 2 бірлік тақта сатып алынды.
2021 жылға жоспары.
Қала мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2021 жылға 7963,0 мың теңгеге бір мультимедиялық және лингафондық зертханалар жиынтығын, 19 542,0 мың теңге сомасына екі робототехника кабинеттерін, 51750,0 сомасына 207 дана компьютерлік техниканы және 8 бірлік ІТ сыныптарын сатып алу болжануда.