Өнеркәсіп аймақ экономикасының басты қозғаушы күші болып табылады. Қалада 30-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, онда 10,3 мыңнан астам адам қызмет атқарады, оның ішінде 3 қала құраушы кәсіпорын: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ Жезқазған және Жыланды кен орындарында мыс кенін өндіруді жүзеге асырады; «Қазақмыс Мэйтенанс Сервисиз» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында тау-кентехникасына сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырады»; «Қазақмыс Дистрибьюшин» ЖШС электр-жылу энергиясын беруді жүзеге асырады, ауыз су және ауыз суды тарату, кәріз қызметтерін көрсетеді.
Сәтбаев-Кеніш алаңында мыс кенін өндіру жүзеге асырылуда. Тау-кен шахталарына арналған компрессорлық қондырғылар, роликті тіректер, дайын металл бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары және тамақ өнімдері сияқты өнеркәсіптік өнімдердің түрлері шығарылады.
Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 79,5 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіп (32 млрд.теңге) қаладағы инвестициялардың негізгі тұтынушысы болып табылады - бұл негізгі капиталға инвестициялардың 90,4% (35,4 млрд.теңге) құрайды.
Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде өнім шығару 346,2 млн. теңгені құрады. Осы саладағы кәсіпорын: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ Жезқазған және Жыланды кен орындарында мыс кенін өндіруді жүзеге асырады. Мыс кенін өндіру көлемі 13,8 млн.тоннаны құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісінде негізгі рөл атқарады, есепті кезеңде көлемі 64 млрд.теңгені құрады. Мамандандыру салалары: машина жасау, дайын металл бұйымдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп өндірісі, тамақ өнеркәсібі болып табылады.
Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы тауашалардың бірін тамақ өнеркәсібікәсіпорындары, атап айтқанда, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі бойынша «Устай» ЖК, «Сухомолина «Қаз-Ет» ЖК, минералды су өндірісі «Сатпаевский завод минеральных и фруктовых вод» ЖШС, нан өндіру бойынша «Блеадзе» ЖК, «Абеев» ЖК және нан өнімдері мен шағын наубайханалар.
Жеңіл өнеркәсіп тоқыма бұйымдарын өндіретін және киім өндіретін кәсіпорындармен ұсынылған. «Серебрянная нить» ЖШС, «Қазақстандық зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС кіші саланың кәсіпорындары болып табылады.
Машина жасау саласында «Қазақмыс Мэйтенанс Сервисиз» ЖШС, «Казцентрналадка» ЖШС, «Рудсервис К» ЖШС, «Надежность и долговечность» ЖШС және«ҚазақмысКорпорациясы» ЖШС объектілерінде өнеркәсіптік қызметтер көрсетеді.
Қала аумағында электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласы Электр энергиясын бөлу бойынша қызметтерді жүзегеа сыратын «ҚазақмысДистрибьюшн» ЖШС-мен және жылу энергиясын өндіру және беру бойынша кәсіпорындармен және «Сәтбаев жылу сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-мен ұсынылған. Электрмен жабдықтау саласының көрсеткіші 12,6 млрд. теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15,8% - дық ұрады.
Сумен жабдықтау саласы; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 2,7 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы- 3,3%. Осы саладағы негізгі кәсіпорын табиғи суды өндіруді және бөлуді және кәріз бойынша қызметтерді жүзеге асыратын «Сәтбаев жылу сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС болып табылады.
Есепті кезеңде негізгі капиталға 35,4 млрд.теңге инвестицияланды, оның ішінде жеке инвестициялардың үлесі – 92,9% (32,9 млрд. теңге), бюджет қаражаты – 7,1% (2,5 млрд. теңге).
Өнеркәсіп саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі – 32 млрд.теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне–27,6 млрд. теңгені құрады.
Сәтбаев қаласында негізгі капиталға 22,3 млрд.теңге инвестиция игерілді. Нақты көлем индексі 105,5% - ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында 70% (14,7 млрд.теңге) ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, 30% (7,6 млрд. теңге) - Машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алуға және оларды күрделі жөндеуге және өзге де шығындарға келеді.
Есепті кезеңде негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып табылады. Олардың үлесіне жалпы көлемнің 74,4% (16,6 млрд.теңге) келеді. Бюджет қаражатының үлесі 25,6% (5,7 млрд.теңге) құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі көлемі өнеркәсіпке бағытталған – 17,5 млрд. теңге, бұл жалпы көлемнің 78,5% - ы. (Нақты көлем индексі 110,5% - ды құрады). Экономикалық қызметтің қалған түрлерінің үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 0,1% - дан 8,7% - ға дейінгі үлесін құрайды.