Меню

Страницы

Статья

2020 жылы «Мәдени сауық жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыс есебі.

2020 жылға арналған жоспар бойынша «Армысың Ұлы Наурыз» атты Наурыз мейрамына арналған театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама, республикалық Ерден Сандыбайұлы атындағы ұлттық аспаптар орындаушылар байқауы, Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Кел билейік» атты ұлттық би орындаушылар байқауы, 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған ісшаралар, Сәтбаев қаласының күніне арналған ісшаралар, республикалық Ш.Ділдебаев атындағы жас ақындар айтысы, еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты өтпей қалды. Дегенмен әлеуметтік желі арқылы онлайн ісшаралар ұйымдастыруды қолға алынып,  9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және Кеңес одағының батыры, әскери қолбасшы, халық батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты отбасылық онлайн байқауын жариялады.

Байқау 3 кезең бойынша өткізілді.

Бауыржан Момышұлының қанатты сөзін айту;

Отбасымен соғыс жылдарындағы бір әнді орындау (бір шумақ қайырмасымен);

Отбасы атынан Жеңіс күніне құттықтау сөз.

Оразалиндер отбасы – 245, Қуанбековтер отбасы -219, Жалмурзиновтер отбасы – 176, Аяшовтер отбасы – 151, Қонысбаевтар отбасы – 78, Еркеевтер отбасы – 33 лүпіл жинап жеңіске жетті. Қатысушылар алғыс хаттармен сыйлықтармен марапатталды.

     23 мамыр Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған сыйақысына 11 үміткерлердің құжаттары жіберілді.

«Жылдың үздік театр режиссері» номинациясына – Д.Ширекбаева;

«Жылдың эстрада жанрының вокалисі» - Т.Боранов;

«Жылдың үздік инструменталисі» - Д.Карпенко;

«Халық әнін үздік орындаушы» - Д.Алдажанова;

«Жыл хореографы» - Б.Уалиева;

«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» - С.Цоцус;

«Үздік кітапханашы» - А.Қойшыбаева, Ф.Дузбаева;

«Мамандығына адалдығы үшін» - Г.Қожахметова, С.Қарабекова;

«Жылдың үздік суретшісі» - А.Есенов.

   Қарағанды облысы әкімінің «Үздік кітапханашы - 2020» номинациясын «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директорының орынбасары А.Қойшыбаева (500,0мың теңге), «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің көтермелеу алғыс хаттарына және сыйлығын «Жылдың үздік театр режиссері» номинациясына – Д.Ширекбаева (100,0мың теңге), «Халық әнін үздік орындаушы» - Д.Алдажанова  (100,0мың теңге) иеленді.

   25 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстанның халық артисі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты онлайн байқау әлеуметтік желілер арқылы бастау алды.  25 тамыз 2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстанның халық артисі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты онлайн байқауына қатысушыларды марапаттау өткізілді. Байқау қорытындысында Бас жүлдені П.Қасымбекова, 1 орынды А.Кульшекенова, Б.Кәрім, 2 орынды А.Бегежанова, А.Сейтбеков, 3 орынды Ж.Омарова, М.Құлашев, Н Кемаль иеленді. Дуэт Б.Абеева, К.Данеханова және Д.Садырбекова белсене қатысқаны үшін марапатталды.

  Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ұстаз А.Кульшекенованың шығармашылық кеші мамыр айында еліміздегі шектеулерге байланысты қыркүйек айына ауыстырылып, Сәтбаев қаласының күніне орай «Әлемді таңдантқан кеңді өлкем» атаумен Достық үйінде өткізілді.

Айнагул Жұмашқызы құрған қаламызға аян «Астана» квартеті Францияның астанасы Париж қаласында өткен «Париж аспаны астында қалқыған ән» байқауында бас жүлдені иеленіп еліміздің атын әлемге жария етті. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші Айнагүл Жұмашқызының шәкірттері қаламыздағы барлық мәдени ісшараларға қатысып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Шығармашылық кеш Абай атамыздың 175 жылдығына орай «Өзгеге көңілім көңілім, тоярсың» атты әнімен ашылып, шәкірттерінің орындауындағы әндермен жалғасын тапты. Кеш иесіне алғыс хат пен сыйлық табысталды. Шығармашылық кеш қаламыздың әнұранына айналған "Сәтбаев вальсі" әнімен қорытындыланды.

     23.10. 2020 жылы    Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының жартылай мүсінінің ашылу салтанаты өтті.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Сәтбаев қаласындағы Абай көшесі бойында «Нұрлы мекен» шағын ауданында қаланың  сәулет келбетін жақсарту және өскелең ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру бағытында халықтың жүріп-тұруына ыңғайлы баспа бетоннан құйылған тротуар және ұлттық нақыштағы 4 шағын архитектуралық формалар орнатылды. Олар: Жүзік, Торсық, Құмыра, Қобыз бен домбыра және соңғы үлгідегі орындықтар тротуардың ортаңғы және жиегіне орнатылды.

         Сонымен қоса, ұлы ақынның құрметіне басылған бетон бойына гранит тақтайшаларына ойып жазылған ақынның 45 нақыл сөздері қойылды.

         «Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, тұғырымен 4,20 метрді құрайтын Абай  Құнанбайұлының ескерткіші орнатылды. Ескерткіш авторы: Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Суретшілер академиясының корреспонденті, мүсінші – Мұстафин Бейбіт, сәулетші Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының мүшесі Троценко Владимир.

  11.11.2020 жыл Сәтбаев, Жезқазған, Ұлытау аймағының ақын-композиторлары шығармаларының «Шамшырақ» ән жинағының (диск) тұсаукесері  мен концерттік бағдарламасы өткізілді. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.Төлендина, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғазиз Ештанаев сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді. Концерттік бағдарламада Ш.Ділдебаевтың сөзіне жазылған Ж.Сейіловтің әні «Сәтбаев – достықтың қаласын» мәдениет ардагері Зоя Иманбаева, М.Бекмағанбетованың сөзіне жазылған Н.Керімбековтің әні «Сәтбаев вальсін» ұлағатты ұстаз Айгүл Күлшекенова, «Песня о Сатпаеве» әнін Сәтбаевтық композитор Элла Благодетелова,  Тайжан Қалмағанбетұлының – «Ұлытау» әнін Қ.Р еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин, Ғ.Ештанаевтің сөзіне жазылған Ахмедия Есмұхановтің әні «Жалғыз киікті» Т.Қалмағамбетов атындағы филармония әншісі Берік Арыстан орындады. Кеш Ж. Сайлаухан Нәкеновтің сөзіне жазылған Ж.Сейіловтің «Ұлытау» әнінін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Береке Көшеновтің орындауында қорытыланды.

 

Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы» КМҚК

атқарған жұмыстарының есебі

 Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай «Тағзым» монументі жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, «Достық үйі» ғимаратында «Ардагерлер – асыл жандар» атты мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 Алғыс айту күніне орай Кеншілер алаңындағы жазғы эстрадада этно ұлттық орталықтар өкілдерінің қатысуымен «Менің елім – мәңгілік ел» атты мерекелік концерттік бағдарлама мен құттықтаулар ісшарасы болып өтті. Сонымен қатар «Қайрат», «Сұңқар» аула клубтарында «Алғыс айту – пейілдің көркемдігі» атты ашық сабақтар өткізілді.

 «Бақ - Дәулет» мейрамханасында Сәтбаев қаласы әкімінің халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік қабылдауы өткізілді.

 Халықаралық әйелдер күніне орай кенші орындарда мерекелік концерттік бағдарламалар, «Сатпаевские зори» ардагерлер клубының мерекелік кеші,

 «Ақындар», «Күй», «Қол өнер» үйірмелерінің ұйымдастыруымен  халықаралық әйелдер күніне арналған әдеби кештер өткізілді.

 Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қ.И.Сәтбаевтің туған күніне орай – өмірі мен еңбектеріне мәлімет беретін ролик әлеументтік желілерде жарияланды.

  Сәтбаев қаласының мәдениет саласы еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты қашықтықтан онлайн жұмыс жүргізуде.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Кеншілер сазы» ұлттық аспаптар оркестрінің видео – коллажы; «Самоцветы» халықтық хорының музыкалық сәлемдемесі, Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы үйірмелерінің ұйымдастыруымен радио-концерт;

 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған Ш.Ділдебаев атындағы ғимараттан онлайн Сәтбаев қаласы әкімінің және Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары атынан құттықтау мен мерекелік концерттік бағдарлама онлайн берілді. Жеңіс паркінде радио – спектакль «Ерлікті ту еткен батырлар сөзі», аймақтық онлайн байқау «Жеңіс әндерін шырқайық», «Сұңқар» аула клубының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік бейнесі – балалардың көзімен» атты суретшілер көрмесі, «Менің атам соғыс ардагері» атты видео – очерк.

«Алаш ардақтыларының бейнесі» атты қырғын – сүргін жылына арналған ашық сабақ;

Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған көркемөнерпаздардың жанды дауыста гимн орындау және ақпараттық сағаты;

Медицина қызметкерлері күніне арналған «Бүгінгі күннің - батырлары» атты құттықтау видео концерті;

«Менің әкем ең үздік» атты әкелер күніне арналған челлендж;

 «Сәтбаев қаласының Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы» КМҚК үйірмелері «Сазды әуен» шығармашылық орталығы, ақындар үйірмесі ZOOM платформасы арқылы тәрбиеленушілерімен жұмыс жүргізуде, сонымен қатар «АлғаБас» жастар театры «Жарайсың шал» спектаклін, дәстүрлі әнші Д. Дәнекеевтің домбырамен әнін, би жетекшілерінің таңғы жаттығулары, Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған «Абай timе» челлендж, әнші Думан Рахымның, Ақбота Ақбергенованың, Руслан Исмайловтің, Дәрігүл Алдажанованың, «Кеншілер сазы» ұлттық аспаптар ансамблінің, «Купрум» үрмелі аспаптар оркестрінің, «Маюри-Девдас», «НұрШашу», «Импульс» үлгілі би ансамблінің концерттік бағдарламалары, орталық әншілері мен қызметкерлерінің ортақтасқан «Біз біргеміз» акциясын қолдау әні, қол өнер шеберлерінің және би үйірмелерінің мастер кластары, «Ең үздік инста отбасы» отбасылық байқау, Мәдениет қайраткері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ақын Ш.Ділдебаевтің өмірі мен шығармагшылығын баяндайтын «Мен елімді шындығыммен сүйемін» атты тікелей эфир, Сейтеновтер, Айымториндер отбасылық ансамблдері мен жеке әнші З.Имамбаеваның, сазгер Р.Бурданың видео роликтері онлайн түрде әлеуметтік желілерде өтуде.

Сонымен қатар, шығармашылық орталығының үйірме жетекшілері мен тәрбиеленушілері онлайн байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

  • Республикалық «Күй love» байқауынада «Кешілер сазы» ұлттық аспаптар ансамблінің мүшесі М.Оразалин 1 орынды;
  • Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдерді баулу ісінің үздігі медалімен – дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі Д.Алдажанова марапатталды;
  • «Времена года в Одессе. Звездное лето - 2020» Украйн өнер саңлақтарының ұйымдастырумен өткізілген байқауда – дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі Д.Алдажанова 1 орынды иеленді.
  • Республикалық үйірме жетекшілері арасындағы «Үздік тәлімгер» дипломымен вокал үйірмесінің жетекшісі Э.Жұбаниязова марапатталды.
  • Республикалық «Біз біргеміз» байқауында вокал үйірмесінің тәрбиеленушісі А.Арыстанбекова бас жүлдені иеленді.
  • Алматы қаласының ұйымдастыруымен өткен «Жеті өнер» атты шығармашылық орталықтар арасындағы байқауда вокал номинациясы бойынша – К.Әбдіқалық бас жүлдені, А.Аман 3 орынды иеленсе, «Көркем оқу» номинациясы бойынша К.Марат 1 орынды иеленді.

 

Жөндеуден өткізілген мекеме

№

Мекемелер атауы

Бөлінген қаражат

Атқарылған жұмыс

1

«Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы» КМҚК

1352,0 мың тг

Дәретхана жөнделді.

 

«Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

КММ-сінің  көпшілік іс-шара туралы мәліметі

 

 

Көрсеткіштер

 

2019

2020

Оқырмандар саны  

4610

3335

Кітапханаға келу саны

56080

23370

Кітап берілімі саны

79100

34038

Кітап қоры

107534  оның ішінде  29839 қаз.тілінде I-жарты жылдықта түскені 122 дана, оның ішінде қазақ тілінде 24

 

Кітапханада жарты жылда өткен іс-шара саны / қатысқандар саны

46/1350

 

29/680

Кітапханада онлайн өткен іс-шаралар  саны

-

94/просмотров

Кітап көрмесі / Қойылған кітаптар мен материалдар

Виртуалды кітап көрмесі

40/1100

 

3/15

 

10/218

 

8/24

Қаржыландыру

22464 мың. тг.

23873 мың.тг

 

Көпшілік іс- шаралар:

Кітапхана қызметі басқалармен бірге қоғам өмірінде белгілі бір қызметті: ақпараттық, білім берушілік, азаматтардың бос уақыттарын тиімді өткізуді жүзеге асыруға бағытталған əлеуметтік институт болып табылады.

       04 қаңтар  оқырмандардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында «Алғашқы оқырман- 2020» акциясы ұйымдастырылды. Абонемент бөлімінің №1 оқырманы болып тіркелген зейнеткер Мазаева Наталья, оқу залының алғашқы оқырманы болып қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Серікбай Батырлан, өлкетану бөлімінен алғашқы оқырман болып жеке кәсіпкер Мукушев Дулат тіркелді.

        16 қаңтар  ҚР Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының пырағы» поэзия кеші «Жыр жауһар» клубы аясында болып өтті.Қадыр Мырза Әлінің өмірі, өскен ортасы жайлы бейне ролик көрсетіліп, ақпарат берілді. Іс-шара соңында «Қазақтың Қадір Мырза Әлісі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, таныстырылды.

   17 қаңтар «Қазақ тарихының суреткері» Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай тарихи сағат өтті. Бүгінге дейін қазақ әдебиеті тарихында ең көп роман жазған, сол романдарындағы сюжеттері арқылы халқына рухани дем берген даңқты жазушының жеке өмір жолын қазіргі ұрпақтарға жеткізу, насихаттау. Жазушының «Көшпенділер» трилогиясы букктрейлер арқылы оқушыларға көрсетілді. Есенберлин отбасына слайдшоу қойылып, оқушыларға таныстырылды.

      22  қаңтар  кітапханамызда «30 минутыңды кітап оқуға арна»  атты акция болып өтті.  Акцияға кітапханамыздың  қорындағы  кітаптарды  насихаттау мақсатында «Жас толқын» сериясымен жарық көрген бірнеше автордың кітаптары  ұсынылды. «Жас толқын» сериясының бірінші кітабы 2003 жылы жарық қөрген болатын.

      30 қаңтар күні орталық кітапхананың өлкетану бөлімінде ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 85 жылдық мерейтойына орай «Менің Қазақстаным» тақырыбында әдеби кеш өтті. Әдеби кешке №4 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары қатысты.

      31 қаңтар күні орталық кітапханада кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – қала тұрғындары мен жастарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапхана тек қана ақпарат алу ғана емес сонымен қатар демалу орталығы екендігін көрсету, қала тұрғындарын тарту оқырман санын көбейту. Ашық есік күнінде индустриалды колледжі, №1 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары және №7 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары  қонақ болды.

 «Жаңа кітап- жаңа әлем» ашық есік күніне келуші әр оқырманға жарық көрген  жаңа кітаптармен қатар, «QR код және мобильді кітапхана» таныстырылып, қалай қолдану керектігін көрсетті.

Коворкинг

  16  қаңтар  күні Coworking орталығында Сәтбаев қаласындағы мекемелерінің жас мамандарымен «Мен таңдаған өмір» атты психологиялық  – тренингі өтті.

  Психологиялық– тренинг «Мен таңдаған өмір» атты тақырып аясында өтті. 

  30 қаңтар  күні Coworking орталығында  қыз-келіншектер арасында  кездесу өтті.

Коворкинг орталығының психологы Сыздықбаева Жұлдызай  «Тек қыздар арасында» атты тақырып аясында нәзік жандылармен бірге кездесу өткізді. Іс-шара барысында Сәтбаев қаласының бетке ұстар азаматшалары сөз алды. Кангоджамс тренерлері Виктория Непомнящих, Гарник Ксения, дұрыс тамақтану бойынша диетолог, блогер Алтынай Жүрсінбайқызы, блог жүргізетін қаламыздың белсендісі Алтынай Пернебайқызы отбасылық қарым-қатынастағы блогында сұрақтарды көтерді. Қаламқас Қадырбаевна ОО «Аяулым» төрағасы. Ер балаға бала кезінен бастап отбасында әйел адамды сыйлау тәрбиесін үйрету жайында айтылды.

 20 ақпан күні «Coworking» орталығында  №1 мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушыларымен бірге «Бәрі сенің қолыңда» атты психологиялық тренингі  өтті.

  20.02.2020 – 03.03.2020 жыл аралығында кітапхананың инстаграм парақшасында бұрымды аруларға арналған байқау ұйымдастырылды. Ең көп лүпіл мен комментарийге ие болған кішкентай аруымыз Сабырқызы Медина болды. Одан әрі II  орынға Шахиризада Махаббатқызы III  орынға Жұматова Алуа есімді ару ие болса, IV орынға Болат Аяулым ару ие болды. Барлық қатысушылар сертификат пен сыйлықтарға ие болды.

    06 наурыз  «Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сінде бұрымды  қыздар арасында  «Бұрымыңнын бұрқырайды жұпары» атты байқау өтті.

Бас жүлдені №19 мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы Жұматова Аружан иеленді.

1 орын иегері №16 «ЖББОМ» 10 сынып оқушысы Болат Аяулым.

2 орын иегері №1 мектеп- гимназиясының 6 сынып оқушысы Орашева Саяжан

3 орын иегерлері №15 «ЖББОМ» 9 сынып оқушысы Бөгетбай Ақторғын

№19 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Арыстанбек Қызғалдақ

 03 сәуір  күні кітапханамызда  онлайн  түрде  «Сыр сұхбат» пікір алмасу клубының аясында  «Тазалық - денсаулық  кепілі» атты  бейнеролик түсірілді. 

Кітапханашы Қуанбекова Н. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ұранмен сөзін бастап кетті. Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан қауіпті дерттен сақтану жайлы пайдалы кеңестер, вирусқа байланысты көптеген мәлімет айтты.

  07 сәуір күні «Мен үйде оқимын» онлайн поэзия челленджі инстаграм желісінде өтті. Алматы қаласының Т. Жүргенов атындағы  өнер академиясының 1 курс студенті Игілік  Нұрайым Абай Құнанбаевтың өлеңі «Есіңде бар ма жас күнің», жергілікті жас ақын Ораз Абай «Ымыртта» өлеңін оқыды, қаламыздың жас ақыны Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетінің 4 курс студенті Тойлыбаева Ардақ М.Мақатаевтың «Шыда, шыда» атты өлеңін оқыды. Кітапханамыздың жас оқырмандары, блогер,жеке кәсіпкер Алтынай Пернебайқызы «Таудан биік» өлеңін, Жұмабаева Әлия Серік Ақсұңқарұлының «Келді ұмытқым сен жайлы жырларды да...» өлеңін оқыды. 

  10 сәуір күні жазушы, ақын Сәбит Мұқановтың 120 жылдығына орай «Көркем сөздің кемеңгері» атты онлайн әдеби вернисажы өтті.
  21 сәуір күні  өлкеміздің жас ақыны Ораз Абай Амангелдіұлымен «Поэзия әлемі» туралы инстаграм желісінде онлайн сұхбат өтті. Өлкетану бөлімінде «Наши» атты жобамен жұмыс жүргізіліп отырады.

    21 сәуір күні  өлкетану бөлімінің  кітапханашысы Мукушева С.  Сакралды Қазақстан жобасы аясында Үш жүздің басын қосқан, татулықтың тал бесігі атанған Сарыарқа даласындағы қазақ баласы үшін қасиетті мекен саналатын Ұлытау жеріне «Өлкенің тарихи жерлерімен» тақырыбында онлайн саяхат жасады.

  Саяхатта өңіріміздегі Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл, Болған ана кесенесі, тағы да басқа тарихи жерлері туралы бейне үзінді қысқаша тарихы баяндалды.

  27 сәуір күні өлкетану бөлімінің «Наши» жобасының аясында қаламызға, елімізге танымал әнші, Томирис киносының басты рөлін сомдаған Салтанат Серкебаевамен тікелей эфирде сыр-сұхбат жүргізілді. Қазіргі таңда шығармашылық жолында қандай жоспарларлары бар, жеке өміріне тоқталып, хоббиі жайлы әңгіме болды. Өзінің туған өлкесі Сәтбаев қаласына деген сағынышын білдіріп, оқырмандарға арнап «Сәтбаев вальсі» әнін шырқап берді.  

     27 наурыздан 22 сәуір аралығында орталық кітапхана «Кітаппен селфи» фото байқауын инстаграм желісіне жариялады. Фото байқауға 14 оқырман қатысты. Жеңімпаз оқырмандар төтенше жағдайлар аяқталғанда естелік сыйлықтарын кітапханадан алатын болды.

   Отбасылық кітапханада 02 сәуір – 23 сәуір аралығында  Балалар мен жасөспірімдер кітап апталығында онлайн түрде іс-шаралар өтті.

    02 сәуір күні «Оқылмаған кітаптар елі» онлайн көрме өткізілді.  Онлайн көрмеге біздің жас оқырмандарымыз қатысты. Балалар онлайн – көрменің көмегімен  Г. Х. Андерсен, А. С. Пушкин, Б. Соқпақбаев  секілді жазушылардың шығармаларына саяхат жасады.

    17 сәуір күні кіші мектеп жасындағы балаларға арналған қарапайым, қолжетімді нысанда, нақты өмірде мысалдармен және ойын сәттерін пайдалана отырып «Балаларға сіріңке ойыншық емес» атты ақпараттық сағат онлайн режимінде өткізілді. Кітапханашы Ерекеева А. балаларға сіріңке не үшін қажет екендігі және олар не үшін қауіпті екендігі туралы айтып берді.

      23 сәуір күні  кіші мектеп жасындағы балаларға арналған "Жол ережелері — балаларға тиісті" атты онлайн танымдық сағат өткізілді. Кітапханашы Ерекеева Ақмарал балаларға қандай көлік құралдарының бар екендігі туралы айтып берді.

    28  сәуір  күні  Шығыстың  ғұлама  ойшылы,  математик, Аристотельден  кейінгі  екінші  ұстаз  атанған  Әл - Фарабидің  туғанына  1150 жыл толуына орай «Әлемнің екінші ұстазы» атты виртуалды   кітап көрмесі  өтті.

   01 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған интернационалдық бейне коллаж өтті. Кітапханашы Жазықбаева Г. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылу жөнінде мәлімет берді.

    08 мамыр күні  Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас»романы ұсынылды.

    09 мамыр күні Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл және қазақтың ержүрек, батыр да, мерген қызы – Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты буктрейлер өткізілді.

     09 мамыр күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығына   орай  қан майданда  қаламын серік еткен, қазақ халқының қаһарман ер-жүрек  батырлары  туралы   «Қалам  мен қаруды қатар ұстаған қаламгер» атты  бейне слайд  кітапханамыздың  Инстаграм (biblioteka_satpaev)  парақшасында  жарияланды. Бейне слайдта: Бауыржан Момышұлының «Біздің генерал», «Москва үшін шайқас». Баубек Бұлқышевтың «Заман біздікі», «Адамзатқа хат»,Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер». Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала»,  Василий Антоновтың  «Журавли» атты кітаптарына шолу жасалды.

  12 мамыр күні  «Үштілділік тілдік қатынастың негізі» тақырыбында тікелей эфирде пікір алмасу өтті. Пікір алмасу Сәтбаев қаласындағы «Достық үйінің» қазақ тілі курсының жетекшісі Айнаш Төлебайқызы Бегіммен сұхбат өтті.

  12 мамыр күні GOWORKING залында «Отбасы – өмір аясы» атты психологиялық тренинг болып өтті.

 15 мамыр халықаралық отбасылар күніне орай қаламыздың белсенді  азаматы, бірнеше өлеңдердің авторы «Тағдыр.Тауқымет.Тағылым» кітабының авторы Ләззат Жұмановамен кездесу болып өтті.

  18 мамыр күні тікелей эфирде «Кітап- білімнің қайнар көзі» атты кітап көрмесіне онлайн шолу өтті.

    20 мамыр күні «Мамандыққа адалдық» тікелей эфирде онлайн кездесу өтті. Кездесу Сәтбаев қаласының «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әрі ағылшын пәнінің мұғалімі Жалмурзинова Еңлік Нұрланқызымен өтті.

       21 мамыр күні Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты романын онлайн түрінде дауыстап оқу өтті.

     22 мамыр  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кітапхана саласының майталманы Роза Бердіғалиеваның 75 жасқа толуына орай «Әлем таныған кітапханашы» онлайн ақпараттық пост салынды.

    22 мамыр күні отбасылық оқу кітапханасында орыс жазушысы, біздің заманымыздың классигі, тұтас дәуірдің шынайы шежіресі-Михаил Александрович Шолоховтың 115 жылдығына орай онлайн-әдеби күнделік өтті.

    23 мамыр  күні  кітапханамызда  карантин уақытында «Қандай кітап оқып жатырсыз?» атты тікелей эфирде оқырманымызбен онлайн кездесу өтті. 

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде "Қандай кітап оқып жатырсыз?" челлендж-эстафетасын қабылдап, қазір оқып жатқан кітаптардың тізімін ұсынған болатын.

       24 мамыр «Өлкемнің сырлы ақындары» атты тақырыпта онлайн тест-сұрақтары берілді. Өлкеміз сырлы да ойлы ақындарға толы.

       26 мамыр күні «Коворкинг» орталығының жетекшісі Сыздықбаева Ж. ұйымдастыруымен «Негативті ойлардан қалай арыламыз» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

   28 мамыр күні «Баспасөз – өмір айнасы»тақырыбында мерзімді басылымдарға онлайн шолу жасалды.

   31 мамыр саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай кітапханада бірнеше онлайн іс-шаралар өтті.

   01 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Отбасылық оқу кітапханасында «Балалық шақтың сиқырлы әлемі!» атты онлайн ақпараттық – танымдық сабақ өткізілді.

   02 маусым жылы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының методисті Мергүл Шаяхметқызымен бірге «Кітап оқудың пайдасы» атты онлайн кездесу өтті.

   04 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

   05 маусым күні отбасылық оқу кітапханасында онлайн режимде мульттерапия өткізілді. Біздің кішкентай оқырмандарымыз үшін кітапханашылар «Құбылмалы бұлт» атты қысқа метражды мультфильм дайындады.

   10 маусым сағат 11:00 де «Ақын - елдің ардағы»  атты кездесу өтті. Кездесу өлкеден шыққан ақын Жақсылық Адамбекұлы Омаровпен өтті. Ақынның «Жүрекжарды», «Аманатқа адалдық», «Талтүс» атты жыр кітаптары жарық көрген.

   12 маусым «Сыр сұхбат» пікір алмасу клубының аясында  «Тазалық – денсаулық негізі.

  14 маусым күні «Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің директорының орынбасары Мұқанов Біржанмен «Жетістікке жетудің сыры неде?» атты сыр – сұхбат өтті.

18 маусым Әлемде ең көп оқылатын шығармаларды білесіз бе? Бұл туындылар – талай адамның жүрек қылын шертіп, көңіл пернесін дөп басқан, сан тараулы тағдырлармен үндес шығармалар. Ендеше, бұлар қандай шығармалар екен?! Оқи отырыңыздар! Осындай айдармен әлемде ең көп оқылатын кітаптар тізімі жасалды. Оқырмандарымыздың назарын осы кітаптарға аударып, онлайн оқуды ұсындық.

    «Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ және филиалы «Отбасылық кітапхана» әлеуметтік желілер арқылы: «Кітаппен сельфи» байқауы, «Қаламгердің сан қыры» Е.Букетов шығармаларына арналған ақпараттық сағат, Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған Абай қара сөздерін оқудан марафон, «Кітап оқып, рухани бай бол», «Читай книги, стань духовно богатым» атты онлайн кітап оқуға шықыру, отбасылық кітапхана ZOOM платформасы арқылы балалар кітабының апталығы, «Сыр сұхбат» пікір алмасу клубының аясында «Тазалық денсаулық кепілі» атты бейне ролик, тікелей эфирде жазушы Сәбит Мұқановтің 120 жылдығына орай «Көркем сөздің кемеңгері» атты әдеби вернисаж, Сәтбаевтың туған күніне арналған онлайн ақпараттық сөре  өткізілді.

     Барлығы жарты жылда іс шаралар  123 оның ішінде 94 онлайн просмотров, төтенше жағдайға жарияланға дейнгі - 29/ қатысқан оқырмандар 680.

  «Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ де Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған  челлендж, викторина, красворд для детей, «Сельфи с любимой книгой» байқау, еріктілер жылына арналған кітап көрмесімен танысу, ӘльФараби видео ролигі, загадки на англиском языке, Абай кітап көрмесін таныстыру, ребус шешу, жаңа кітаптар таныстырылымы, видео ролик балалар аптасы, ZOOM платформасы арқылы тәрбиелік сағаттар, 9 мамырға арналған видео ролик, Қ.Сәтбаевтің өмір және еңбек жолдарынан онлайн сабақ, «Сүйікті кітаптар ізімен» атты тест сұрақтары, видео ролик куклы и книжки, «Ертегілер қобдишасы» атты викторина сұрақтары онлайн түрде өткізілуде.

 

Бөлім басшысы                                                                                                Қ.Төлеш  

Орынд:Г.Шахманова

Дата публикации
19 ноября 2020
Дата обновления
19 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары
Ақпарат
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы