Тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Сәтбаев қаласында іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары жасалып, Сәтбаев қаласы әкімінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №15/22 қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаның 3 бағыты бойынша іс-шаралар жүзеге асуда.
1-бағыт. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту.
Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Латын графикасына негізделген қазақ алфавитіне байланысты емле ережесін оқытудағы әдіс-тәсілдер, дидактикалық материалдаржинақталып, терминдер базасы жасалды. «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады...» онлайн-акциясы жарияланды. Акция аясында «Суретті мақал-мәтел», «Жұмбақтың жауабын табайық!» онлайн-ойындары өткізілді. Онлайн-ойындардың нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, әлеуметтік желілерде жарияланды. Желі қолданушылары арасында «Жұмбақтың жауабын табайық», судоку, ребус шешу сияқты өзге де ойындар ойнатылуда.
Фейсбук, инстаграм парақшасында, «Вечерний Сатпаев» газетінде ашылған «Біле жүріңіз!» айдары арқылы қазақ халқының ырым-тыйымдары латын графикасында оқырмандар назарына ұсынылды.
«Салт-дәстүр – тәрбиенің алтын қазығы» айдарымен халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері жайлы мәлімет жаңа әліпбимен берілуде.
Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, жергілікті «Шарайна» газетінде ұлы ғұламаның қанатты сөздері латыннегізді және кирилнегізді әліпбимен басылды. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында «Ақшам» телеарнасында ақынның афоризмдері латыннегізді жаңа әліпбимен беріліп, дыбысталды.
«Классрум» бағдарламасымен наурыз-мамыр аралығында түрлі сала қызметкерлеріне онлайн-тренингтер өткізілді (2 топ, 20 адам). Қыркүйек айынан бастап онлайн -тренингтер қайта жалғасып отыр.
Жаңа әліпбимен жазылған баннерлер, сыртқы жарнамалар, маңдайша жазулары базасы жасалды.
ZOOM платформасына түрлі сала қызметкерлеріне арналған «Латын графикасындағы диакритикалық таңбалар» тақырыбында вебинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – латын графикасындағы әліпбиде қолданылған макрон, седиль, акут, бревис, умлаут таңбалары және олардың маңызы туралы ақпарат беру.
«Латыннегізді әліпби және сөздердің орфографиялануы» тақырыбында онлайн семинар-тренинг өткізілді.
Онлайн іс-шараға Тілдерді дамыту бөлімінің әдіскерлері, жалпы орта білім беретін мектептердің тіл мамандары, кітапхана ұжымы және түрлі сала қызметкерлері қатысты. Іс-шараға академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ жазуын латын графикасына аудару орталығының жетекшісі, ҚР Үкіметі жанындағы Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мархаба Ахметқалиқызы Тұрсынова қатысты. Мархаба Ахметқалиқызы Президент әкімшілігіне ұсынылған жетілдірілген жаңа әліпби жобасын тыңдаушыларға таныстырды.
Газет беттерінде жаңа қазақ әліпбиіне қатысты және жалпы тіл саясатына қатысты 60 мақала жарияланды.
Сәтбаев қаласындағы құрамдас бөліктер саны – 91 (78 көше, 8 шағын аудан, 5-тұйық көше), моральдық тұрғыдан ескірген атаулар жоқ. Сәтбаев қаласына қарасты екі елді мекен бар: Жезқазған кенті және Сәтбаев ауылы. Жезқазған кентіндегі жалпы құрамдас бөлік саны – 20, Сәтбаев ауылында – 8. Жезқазған кентінде моральдық тұрғыдан ескірген атаулар бар, бірақ кенттің көшуіне байланысты қайта атау мәселесі күн тәртібінен алынып отыр.
«Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 07/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 502 шешімі Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 5719 болып тіркелді. Осыған орай, Сәтбаев қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:
№ 8 шағын аудан – Байқоныс шағын ауданы;
№ 4 көше – Кейкі батыр көшесі;
№ 5 көше – Арғанаты көшесі;
№ 6 көше – Кетбұға көшесі;
№ 7 көше – Едіге батыр көшесі;
№ 8 көше – Жұмабек Тәшенов көшесі;
№ 9 көше – Александр Затаевич көшесі;
№ 10 көше – Жамбыл көшесі;
№ 11 көше – Төлек батыр көшесі деп қайта аталды.
«Сәтбаев қаласыныңмәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жерлесіміз, жауынгер-жазушы Баубек Бұлқышевтің есімін беру туралы материалдар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды.
2-бағыт. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту.
Облыс тарапынан жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша 2019 жылы қала тұрғындарының мемлекеттік тілді әр түрлі деңгейде меңгергендер үлесі – 86 % (2020 жылдың соңында 87 %-ті құрауы тиіс).
2010 жылдың маусым айында ашылған оқыту-әдістемелік кабинеті «Шынболат Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы» КМҚК штатынан алынып, бөлімге берілді. Оқу «Сарыарқа-2» оқу-әдістемелік кешенінің деңгейлері бойынша дайындалған бағдарлама негізінде жүреді.
Мемлекеттік тіл бойынша (2020 жыл)
|
Жоспар |
І жарты жылдық |
Мемлекеттік қызметші |
Мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері |
Жеке тұлға |
Қазақтар саны |
Орыстар саны |
Өзге ұлт |
А2 |
В1 |
В2 |
С1 |
|
135 адам |
126 адам |
22 |
100 |
6 |
87 |
28 |
11 |
3 |
2 |
2 |
1 |
|
20 адам |
3 |
17 |
0 |
20 |
0 |
0 |
0 |
0 |
2 |
0 |
Есептік кезеңде 7 іс-шара: Абай күні аясында «Әлем таныған Абай» онлайн-байқау, «Латын әліпбиіндегі диакритикалық таңбалар», «Латыннегізді әліпби және сөздердің орфографиялануы» семинар-тренинг, Қазақстан халқы тілдері күні, Қазақстан халқы Тілдері күні аясында тіл жанашырларын марапаттау, «Тіл шебері», «Көпті білу-өмірлік қажеттілік» әдістемелік «жәрмеңке» байқауыөткізілді.
Бөлім атынан үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында өткізілген «Тілдарын» облыстық байқауына ұсынылған № 5 «Нұрбөбек» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі Камзиева Арайлым қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды.
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсында «Ауыл тақырыбына арналған үздік проза» номинациясы бойынша Ақан Нұрманов атындағы арнайы жүлдемен Оразов Абай Амангелдіұлы марапатталды. Сондай-ақ жас ақынның «Бебеу» атты жыр жинағы жарыққа шықты.
Облыс әкімінің Тіл жанашыры сыйлығының «Мемлекеттік тіл -бизнесте» номинациясына бөлім атынан жіберілген Жангаскинова Шолпан Сериковна ие болды.
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы бойыншамемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің базасытолықтырылды.Абай өлеңдерін жатқа оқыған өзге ұлт өкілдерінің бейнероликтері әлеуметтік желілерге жарияланды.
Сәтбаев қаласының әкім аппараты және оған қарасты мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 99 %-ті(2019 жылы 97%) құрады.
Көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу, олардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары талаптарына сай ресімделіп, орналасуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ қаладағы көрнекі ақпараттар пен жарнамалардың жай-күйін саралау мақсатында «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы жүргізілді. Нәтижесінде 127 заңбұзушылық анықталап, 100 % дұрысталды.
«Даму», «Вектор», «Сәт Медиа», «Индиго», Жезқазған қаласындағы «Nomad» дизайн студияларымен тығыз байланыс орнаған. Сонымен қатар, «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі мен Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Сәтбаев қаласындағы филиалы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандум жасалған.
2020 жылы Ұлытау, Наурыз, Алаш көшелеріндегі 209 үйге аншлагтарілінуде (2019 жылы Мәңгілік ел, Тәуелсіздік даңғылы, Виктор Гурба, Абай Құнанбаев, Ерден көшелеріндегі 309 үйге ілінді).
3-бағыт. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту бағыттары бойынша.
Облыс көлемінде өткізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сүйенетін болсақ, үш тілді меңгерген халықтың үлесі 2019 жылы 16 % (2020 ж.-18 %). Ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі 19 % (2020 ж.- 19,5 %).
Ересектерге арналған ағылшын тілі курстары жүргізіліп жатыр. 5 топ (50 адам). Ағылшын тілі бойынша (2020 жыл)
|
Жоспар |
І жарты жылдық |
Мемлекеттік қызметші |
Мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері |
Жеке тұлға |
Қазақтар саны |
Орыстар саны |
Өзге ұлт саны |
А1 тобы |
А2 тобы |
|
90 адам |
40 адам |
2 |
35 |
3 |
39 |
1 |
0 |
2 |
2 |
|
50 адам |
1 |
41 |
8 |
44 |
6 |
0 |
4 |
1 |
Бөлім басшысы Қ.Төлеш
Орынд.: М.Игенберлина