Сәтбаев қаласының жалпы білім беретін мектептерінде қалалық білім бөлімінің қолдауымен жоғары сынып оқушыларына арналған «Біз болашақ сайлаушылармыз» атты танымдық-ақпараттық іс-шаралар аяқталуда.
№ 35 және № 36 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары Адамьянова Ш.С. және Айтбаев М.Т. «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жоғары сынып оқушыларына сайлау құқығының қағидаттары бойынша сынып сағатын өткізді, сонымен қатар «Дауыс беру тәртібі» тақырыбында іскерлік ойын элементтерін қолданды.


№ 38 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Шукенова Б.У. диалог форматында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының негізгі ережелерін «№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушыларымен талқылауды ұйымдастырды.
«№ 25 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Барлығы сайлау туралы» тақырыптық пікірталас «Сайлауға бару маңызды ма?» тақырыбындағы пікірсайыс – сайлау заңнамасы бойынша мұғалімдер мен мектеп оқушылары арасында блиц-сауалнаманы № 49 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ж.М.Бодукова мен хатшысы Шукенова А.У. ұйымдастырды.
https://www.instagram.com/reel/DFpyOStsJ3F/?utm_source=ig_web_copy_link

«Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары мектеп директоры, №54 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бапанованың ұйымдастыруымен өткен іс-шараларда Қазақстанның сайлау жүйесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың құрылуы туралы танымдық ақпараттар алды.


«Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы, № 59 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Махметова О.Д. Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы және сайлау үдерісін ұйымдастыру бойынша 20 сұрақтан тұратын викторина дайындады. Іс-шараны ұйымдастыруға № 58 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Боукова Г.Р. қатысты.
Тарих пәнінің мұғалімдері Нысанбаева М.О. және Жұмаділдаева Г.А. викторина сұрақтарының жауаптарын көрнекі мысалдармен және қызықтыратын тақырып бойынша қосымша ақпараттармен толықтырды.
Абай атындағы мектеп-лицейінің директоры, № 46 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Иманбаева-Казбекова Г.Т. және осы сайлау комиссиясының хатшысы Тоғанова А.Б. сайлау принциптері, сайлау органдары туралы, сайлау процесінің барлық қатысушыларына қойылатын талаптар туралы ақпарат негізінде сайлау заңнамасының негізгі ережелерін талқылауды ұйымдастырды. Күрделі мәселе бойынша викториналық ойын және ашық пікірталас маңызды саяси тақырыпқа қызығушылықты арттыруға көмектесті.