Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шараларды өткізудегі маңызды мәселелердің бірі – болашақ сайлаушылардың мәдениетін көтеру, жастардың бойында сайлау құқықтарын саналы түрде жүзеге асыруға қажетті білім, білік және дағдыларды дамыту.
С.Сейфуллин атындағы гимназияның жоғары сынып оқушыларына арналған «Біз болашақ сайлаушылармыз» атты пікірталасу сынып сағаты осы тақырыпқа арналды. Бұл сынып сағаты гимназия директоры, № 51 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Г.А.Джакипованың қатысуымен өтті.