Қаланың жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 49 түрін көрсетеді. Есепті кезеңде барлығы 6313 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде баламалы негізде 239 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы-1050 қызмет, электрондық түрде – 5024 қызмет, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы-2816 қызмет, «Е -лицензиялау» - 1450 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы-758 қызмет.
Есепті кезеңде «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» және «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы зерделеу» мәселелері бойынша бес семинар-кеңес өткізілді, 240 халықпен түсіндіру іс-шаралары өткізілді, «Аqsham» қалалық телеарнасында 4 «Елге қызмет» телебағдарламасы түсірілді және көрсетілді. 8 онлайн «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі», 8 «Қызмет алушылар күні» іс-шаралары өткізілді.
Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасалған, Egov.kz. «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Ақпараттық стендтер орналастырылды. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 25 жарияланым орналастырылды, 560-тан астам брошюралар таратылды. Әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды, онда басшылардың тікелей эфирлері өткізіледі, өзекті ақпарат орналастырылады.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысындағы филиалында есепті кезеңде 15 адам оқуда болды (біліктілігін арттыру бойынша – 13 адам, қайта даярлау бойынша – 2 адам).
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында қала әкімінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №148р өкімімен қаланың мемлекеттік мекемелерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде 2024 жылға арналған ішкі бақылау жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де ішкі бақылау жүргізілді.
Қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, төрт мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі жүргізілді және материалдар Қоғамдық кеңестің отырысында қаралды.
Қаланың Қоғамдық кеңесінің өкілдерімен және уәкілетті органдардың жауапты мамандарымен бірге қаланың 11 мекемесі мен ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау барысында анықталған барлық ескертулер басшыларға жеткізілді және белгіленген мерзімде түзетілді.
Жұмыстағы барлық мемлекеттік мекемелер заңдар мен заңға тәуелді актілердегі барлық өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процестері бекітілген стандарттар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде «Е-лицензиялау» жүйесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің 2 рет бұзылуы орын алды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бергені үшін Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманына (03.01.2024ж. №2 бұйрық), Сәтбаев қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманына (13.02.2024ж. №2 бұйрық) тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ
ақпараттық технологиялар мен стандарттар
бөлімінің басшысы Ж.Серикбаева